Home » Жаңалықтар » Аралас оқу режиміндегі курс басталды

Аралас оқу режиміндегі курс басталды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 18 қыркүйек күні «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбымен аралас оқу тәртібінде («Blended learning») курс басталды. Аралас оқу («Blended learning») – дәстүрлі күндізгі оқу нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы. Аралас оқу режиміндегі курс үш кезеңнен тұрады: күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу (офлайн-off-line).

Курсқа қатысушы облысымыздың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен келген 25 әдіскер аралас оқудың алғашқы күнінде, күндізгі оқу кезеңінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ дайындаған Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру ұлттық білім беру порталына (bl.orleu-edu.kz) тіркелді. Курс тьюторы Ақбілек Жұмабаева мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың Ақпараттық технология бөлімінің бастығы Ырысжан Шахимова тыңдаушыларды біліктілік арттыру ұлттық білім беру порталымен таныстырып, қашықтықтан оқу, өз бетімен оқу, өзіндік жұмыстарды дайындау, тест тапсырмаларын орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кіріс сауалнамасы алынды. Нормативтік-құқықтық модуль бойынша дәрістер таныстырылып, жоба жұмыстарының тақырыптары таңдалды. Бағдарламада көрсетілген модульдер бойынша тест тапсыратын күн, сондай-ақ, курстың қашықтықтан оқу кезеңінің уақыты белгіленді.

Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан аралас оқу режиміндегі курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз.

 

Роза ЖҮСІПОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары

жөніндегі бөлімнің бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.