Home » Мақалалар » АРАЛАС ОҚУ РЕЖИМІНДЕГІ КУРС

АРАЛАС ОҚУ РЕЖИМІНДЕГІ КУРС

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 18 қыркүйек күні «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбымен аралас оқу тәртібінде («Blended learning») курс басталды. Аралас оқу режиміндегі курс үш кезеңнен тұрады: күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу (офлайн-off-line).

Курсқа қатысушы облысымыздың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен келген 25 әдіскер аралас оқудың алғашқы күнінде, күндізгі оқу кезеңінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ дайындаған Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру ұлттық білім беру порталына (bl.orleu-edu.kz) тіркелді. Курс тьюторы Ақбілек Жұмабаева мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың Ақпараттық технология бөлімінің бастығы Ырысжан Шахимова тыңдаушыларды біліктілік арттыру ұлттық білім беру порталымен таныстырып, қашықтықтан оқу, өз бетімен оқу, өзіндік жұмыстарды дайындау, тест тапсырмаларын орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кіріс сауалнамасы алынды. Нормативтік-құқықтық модуль бойынша дәрістер таныстырылып, жоба жұмыстарының тақырыптары таңдалды. Бағдарламада көрсетілген модульдер бойынша тест тапсыратын күн, сондай-ақ, курстың қашықтықтан оқу кезеңінің уақыты белгіленді.

Курстың қашықтықтан оқыту (онлайн-online) кезеңінің алғашқы кездесуі 20 қыркүйек күні өткізілді. Кездесуде курс тьюторы Ақбілек Қошқарбайқызы тыңдаушыларымен бағдарламаның нормативтік-құқықтық модулін қорытындылап, осы модуль бойынша тест нәтижесіне өзінің ризашылығын жеткізді. Курсқа қатысып отырған Маңғыстау облысының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 25 әдіскерінің барлығы да 50%-дан жоғары балл жинады.

Бұдан соң, тьютор бағдарламаның педагогикалық-психологиялық модулі бойынша дәрістерге шолу жасап, тыңдаушылардан түскен сауалдарға жауап берді. Он-лайн кездесуге тыңдаушылар ұйымшылдықпен қатысып, барлығы бір аудиторияда отырғандай әсер берді.

«Аралас оқу режимімен («Blended learning») өтіп жатқан курстың алғашқы қатысушыларының аяқ алыстары жақсы. Олар үлкен жауапкершілік пен жоғары белсенділік танытуда. Бірінші модульді қорытындылап, аралық тест тапсырды. Тест нәтижесі жақсы. Курсқа қатысушыларға алдағы уақытта да сәттілік тілеймін», — дейді тьютор Ақбілек Қошқарбайқызы.

 

Роза ЖҮСІПОВА,

Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары

жөніндегі бөлімнің бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.