Home » Ашық сабақтар » «Арайлы алтын күз» ертеңгілігі

«Арайлы алтын күз» ертеңгілігі

 

Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан келіпті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ағайын!

Сәлеметсіздерме қадірлі қонақтар, ата-аналар! Әр жыл мезгілінің өз ерекшеліктері бар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де бүгін біз Күзге деген құрметімізді көрсетпекшіміз. Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгін балабақшамыздағы «Арайлы Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігімізге  қош келдіңіздер. Ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақшамыздың директоры Исхакова Арайлым Абдулатипқызына сөз береміз.

Жүргізуші:

Бұлттар төгіп жерге шөгіп, дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып өңі тайып, дала сұры қашады.

Бой жаза алмай ойнай алмай денең мұздап тоңады,

Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Балалар:

-Күз мезгілінде.

Жүргізуші: — Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал ендеше балалар өнерлерімізді көрсетіп, мерекені барлығымыз бірге тойлайық.

Ортада «Күншуақ» тобының орындауында «Золотой листопад» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

— Бәрекелді қыздар,жарайсыңдар

Ал, балалар, балалар енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші,сендерді бі көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам қулығымды асырам

Таба алсаңдар шешімін қонағымды ортаға шақырам.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»

Жауабын не екен балалар?

Балалар:

— Күз мезгілі

Жүргізуші:

-Иә, жауабын дұрыс таптыңдар, ендеше ортамызға Күз ханшайымын шақырайық.

(Ортаға әсем әуенмен Күз ханшайымы кіріп келеді)

Күз ханшайымы:

-Сәлеметсіздерме қонақтар!

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Мен Күз ханшайымымын. Сендерді  көргеніме қуаныштымын. Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға сонау алыстан келдім. Маған өнерлеріңді көрсетесіндерме?

Балалар: — Иә

Жүргізуші: — Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет. Біздің балалар ән де, тақпақ та айтып, би де билей алады. Біздің балалардың барлығы ақылды, өнерлі, тапқып  балалар.

Күз ханшайымы: -Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса – жасыл

Түссе – сары. Бұл не балалар?

Балалар: — Жапырақ (барлығы хормен айтады)

Күз ханшайымы: — Дұрыс айтасыңдар балалар.

Жүргізуші: Күз ханшайымы енді әрі қарай балалардың өнерін бірге тамашалайық.

Гүл ашылса аулада,

Бал арасы келеді.

Бал арадан кейін,

Көбелектер келеді.

Ортада «Көбелектер мен Аралар» биін қарсы алыңыздар.

Күз ханшайымы: — Жарайсыңдар балалар. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Менімен ойын ойнайсындар ма?

Балалар: — Иә ойнаймыз (барлығы хормен айтады)

Күз ханшайымы: Ойынның аты «Кім жылдам?» Ойынның шарты бойынша жемістер мен көкөністерді екі себетке жылдам жинау керек. (Ортаға екі тәрбиеленуші шығып, біреуі жемістерді ал екіншісі көкөністерді себетке жылдам сала бастады)

Балалардың ойынына риза болған күз ханшайымы өзімен бірге ала келген Мики Маусты  ортаға шақырып, барлығы ортада  би биледі.

Жүргізуші: — Жарайсыңдар балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті, жылдам. Күз ханшайымы біздің балалардың қонаққа келген Мики Маусқа көкөністер мен жемістер туралы тақпақтары бар екен. Олай болса Мики Маус біздің балалардың жемістер мен көкөністер туралы тақпақтарын  қабыл алыңыз.(балалар тақпақтарын айтып өтеді)

Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,

Отбасындай бір ұямыз.

Ортада балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндерінің орындауында «Жаяу» биін қошеметпен қарсы алайық.

Күз ханшайымы: — Керемет қандай әдемі бүлдіршіндер.

Жүргізуші: Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама.

Мың бұралып билеген,

«Қолшатыр» биімен ортада.

Ортада «Қолшатыр» биі

Жүргізуші: — Бәрекелді балалар жарайсыңдар.

Күз ханшайымы: — Құрметті қонақтар, менің бір байқағаным бұл балалардың  ата-аналары он саусағынан өнер тамған өнерлі екен. Олай айтуымның себебі, жемістер мен көкөністерден керемет туындылар ойлап тауып жасап алып келіпті.

— Өте керемет. Ал ендеше осы жемістер мен көкөністерге қатысты ойын ойнасақ қалай қарайсыздар? Ойынның шарты бойынша көзді байлап жемістер мен көкөністердің дәмін тауып айтып беру.(Ата-анамен ойын ойналады.)

Жүргізуші: Келді міне Алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

«Күншуақ» тобының ұлдарының орындауында «Қырманға кел, қалқатай» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: — Ой қандай керемет би. -Жарайсыңдар балалар. Қане күзге аранлған тақпақтарыңды да айта қойыңдар..

Күз ханшайымы: — Ой, балалар қандай әдемі би, өнерлерің өрге жүзсін.

Жүргізуші: Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық.

Ортада «Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар.

Күз ханшайымы: — Бәрекелді балалар.

Жүргізуші: — Күз ханшайымы біздің балалармен бірге би билеуге сізді ортаға шақырамыз «Флешмоб» биі. ( би билейді)

Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын-дей отырып, Күз ханшайымымен қоштасайық. Биылғы күз мезгілі мол өнімдерінен қоса көптеген тосын сыйларымен есте қалды. Кездескенше сау болыңыз Күз ханшайымы.

Балалар: — (хормен) Рахмет сізге, сау болыңыз. (қолдарын бұлғайды)

Күз ханшайымы: Сау болыңдар балалар келесі жылы кездескенше! (қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: — Хор. Ортада «Ақкөгершін» тобы мен «Күншуақ» тобының орындауында «Алтын күз» әні. (хордан кейін)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

«Берекелі,бақ-дәулеті арта түссін тойланып,

Сау болыңыздар қонақтар келгенше жыл айналып. Бүгінгі ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

 

Қашым Балнұр Қонайқызы,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Боралдай ауылы МКҚК-ны
«Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы
тәрбиешісі,

Нұрбақыт Жолдасқызы,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Боралдай ауылы МКҚК-ны
«Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы
саз жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.