Қарағанды қаласындағы №36ЖББОМ «Өзіңді тану – өмірді тану» атты апталық шаралар ұйымдастырды. Апталық аясында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы аясында тұлғаның дамуын қалыптастыру, отбасы және отбасы құндылықтарын насихаттау, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бағытында түрлі шаралар жүргізілді.
«Рухани жаңғыру: адамгершілік құндылықтар, ізгілік бастауы» дөңгелек үстел 9-сынып оқушыларына өткізілді. Өзін-өзі тану мұғалімі С.Д. Изтулеуованың ұйымдастыруымен өткен шарада оқушыларды рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу мәселелері көтеріліп, оны жүзеге асырудың тәсілдері талданды. 12 сәуір 2017ж. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде рухани дамудың жүйелері сараланды. Тұлғаны адамгершілікке баулу, саналы азамат етіп тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік ортаның атқаратын рөліне тоқталды. Дөңгелек үстел барысында ізгілік педагогикасы, дүниені тану тәсілдері, сана – сезім мен ой, түйсік тазалығын, өмірдің мәні туралы тақырыптар мен ғылыми, философиялық мәселелер ой талқыға салынып, оқушылар өз пікірін анық, айқын жеткізіп отырды. Пән мұғалімі Сауле Далбаевна оқушыларды рухани тұрғыдан дамуға, өмірдегі өз орнын табуға ақыл кеңес беріп, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін ескерте отырып, өз бойларындағы адамгершілікті, жақсылықты өздігінен тәрбиелеуге үндеді. Шара соңында рефлексия жасалып, оқушылардың пікірі, ұсынысы, тілегі тыңдалды. Дөңгелек үстелге қатысушы ұстаздар, оқушылар бірігіп «Өз елім» әнін хормен айтып, маңызды шара өз мақсатына жетті.
Мектептің акт залында «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткізілді. Дебат ойынында ҚарМУдың аға оқытушылары Нұргалиева Сауле Мұқановна, Молдабаева Роза Апакбаевна қазылық атқарды. Шараның мақсаты: жасөспірімдерді әлеуметтік желідегі мәдениетін дамыту, ақпараттандыру сауаттылығын арттыру, оқушының өмір қауіпсіздігін сақтау. Пікірталас сайысына 8 А, Б, В сынып оқушыларынан құрылған «Бірлік», «Достық», «Келешек», «Болашақ», «Жігер», «Жалын» командалары қатысты. Дебатқа қатысушы оқушылар әлеуметтік желілердің адамзат әлемін билеп алғанын, еңкейген баладан бастап, жасөспірімдер әлеуметтік желілерді пайдаланатынын атап көрсетті. Қазіргі кезде бәрі әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінгенімен, әлеуметтік желілердің түрлерін және пайдасын мен зиянын ашып айтты. ік. Әлеуметтік желілердің түреріне: В контакте, Facebook, Twitter, Одноклассники, M-agent, Whatsapp, Instagramm, Viber, Другвокруг, Cacao Talk, Line, Imo, Skype тоқталып, ең бірінші зияны адам денсаулығына келтіретін залалын анықтап берді. Әлеуметтік желіні шектес тыс пайдалануға болмайтынын ескертті. Дебатқа қатысушылардың өз ойын дөп басып айта алатынын, тыңдаушыны өз сөзіне иландыру мақсатында еркін, көркем, әдеби, сөздің сөйлейтінін, өз пікірін дәлелдей алатынын, ақпаратты толық зерделегендерін байқадық. Үздік өнер көрсеткен, сөзді «қиыннан қиыстыратын» тіл жүйріктері «Бірлік» командасында Нұрайым, Сабина, «Достық» командасында Ерқайрат, Әуез, «Жігер» командасында Мадина анықталды. Дебат ойындары — өнер жарысы, сөз сайысы екенін 8 сынып оқушыларының шеберлігімен тағы бір байқадық.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың философия және психология факультетінің психология кафедрасының №36 ЖББ орта мектеп базасында құрылған филиладың жеке жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларына кәсіптік білім беру, мамандыққа баулу мақсатында, оқушылардың сенімділігін анықтауға 2 -курс студенттері мен ҚарМУ-дің аға оқытушылары Нұрғалиева Сауле Мукановнаның ұйымдастыруымен тренинг өткізді.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»