Асу колледжінің 2 курс студенті
Мапезов Ерасыл Ертайұлы
Мейіріміңе пір тұтып қарап едік,
Әр сөзіңді ақыл деп санап едік.
Бір ақ сәтте айрылып жанашырдан,
Жоқтау айтып, артыңда қала бердік.
Жас жүрегім жасаурап,
Жасырып жылап алдым да
Шумақтап жаза бердім мен,
Қолыма қалам алдым да.
Дайындап бізге тәттісін,
Отырушы еді алдымда.
Алыста жүріп, қапыда,
Айрылып сенен қалдым ба?
Қолымдағы суретке,
Бүгінде қарайлаймын мен.
Жанымда болған сәттерге,
Қайтадан бара алмаймын мен.
Ұл-қыздың бағын ойлаған,
Мейірім бойын бойлаған.
Апатай, зарлап қалды ғой,
Ұрпағың, сені қимаған.
Жер таппай қояр жанымды,
Жазудамын ойымдағымды.
Тек саған апа арнадым,
Осы бір шумақтарымды.
Қимастан алтын жаныңды,
Отырмын сезбей тәнімді.
Сенімен жоғалтқандаймын,
Жанымды және барымды.
Ойлайтын ылғый қамымды,
Мінезі жұртқа жағымды.
Сүйікті менің, апашым
Жәннәттан қылғай жаныңды.
Еске алып жиі тұрармын,
Ақырын ғана жылармын.
Бәріне уақыт емші ғой,
Қимаспын емес қиармын.
Әр адамның, алар орны бөлек екен,
Әйтеуір қаны жақын болғандықтан
Жаспен емес, жыр болып өрілуде,
Жақынымның, өмір гүлі солғандықтан.
Жас жүрегім, қалайша жыр жазбасын,
Отырмын тіпті тағдырға долданып та,
Көп жақсылар аспанда, періштеге,
Әлде осылай бұйрығы жолданып па?
Құран оқу, келері біздің қолдан,
Аспанға кете бердің, түзу жолдан,
Өзің жоқта, жүрегім жетім қалды,
Өзің жоқта, жаныма кімім қорған.
Бұл да өмірдің кезекті сынағы ма?
Мен үшін бұл шынында ауыр болды.
Елес болып хатымды оқып жатсаң,
Немерең деп соңына қойдым қолды.