Home » Ашық сабақтар » АНТОНИМДЕР

АНТОНИМДЕР

Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
Талдыбұлақ ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кәрібаева Үміт Сайлауқызы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға антоним, оның жасалуы туралы мағлұмат беру, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекіту;

Дамытушылық: Талдау жұмыстары арқылы білімдерін, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, ойлау дағдысын, көркем жазу мен сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, шығарма- шылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды талдауға алынған мысалдар арқылы ақыл-ой, адамгершілік, ізгілік қасиеттерге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: түсіндіру, ойландыру, сыни тұрғыдан оқыту стратегиялары, шығармашылық жұмыс

Көрнекілік: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, сызба-нұсқалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, жаратылыстану

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

Психологиялық дайындық. «Ыстық алақан» стратегиясы

— Балалар көңіл-күйлерің қалай?

— Сабаққа дайынбыз ба?

— Дайын болсақ ортаға шығып, шеңбер жасап тұра қалайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап ыстық алақанымыз арқылы бір-бірімізге лебізімізді білдірейік.

— Жақсы орнымызға отырамыз.

«Алтын ережемен» таныстыру.

Топқа бөлу.  Жұлдызшалар арқылы топқа бөлінесіздер. Қызыл, сары түстер берілген. Осы түстер бойынша топқа бөлінесіздер.

 Топ басшысын сайлау. Топқа бөлінсек, енді өздеріңіз топ басшысын сайлап алыңыздар.

Топ басшысы —

Тайм спикер (уақыт есептеуші) —

Топ хатшысы —

Идея беруші –

  • Топпен ақылдасып, осы кызметкерлерді тағайындап алыңыздар.

Бағалау парақшасын тарату

— Сіздерге бағалау парақшасын таратып бердім. Осыған топ болып ақылдасып бағалайыздар.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

84-жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін тауып жазыңдар.

86-жаттығу. Синонимдер сөздігінен өзіңе ұнаған бір синонимдік қатарды көшіріп жазыңдар.

«Миға шабуыл» әдісі

(Интерактивті тақтада берілген сұрақтар арқылы өткен сабақтарды пысықтау)

  1. Омоним дегеніміз не?
  2. Мысал келтір (омоним)
  3. Синоним деп қандай сөздерді айтамыз?
  4. Мысал келтір (синоним)

  б) Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар кітаптарыңды ашыңдар.

«Антонимдер» тақырыбына постер құрап, қорғайсыздар. Ол үшін тақырыпты түсініп оқып алыңыздар. Топпен жұмыс жасайсыздар.

Сіздерге неше минут керек? Уақытты өздеріңіз айтыңыздар.

«Постер құрау». Постер қорғау.

— Болғандарыңыз белгі беріңіздер. 1 топ аяқтасымен 2 топта аяқтауға міндеттісіздер.

Кітаппен жұмыс. 87-жаттығу. — Балалар кітаптарыңды ашыңдар. 87-жаттығуға қарайық. Мәтіндегі антоним сөздерді теріп жазыңдар да, қандай сөздермен тіркестіруге болатынын көріңдер.

Үркердің батуы — маусым айының басында үркердің мүлде көрінбей кетуі. Осыдан кейін 40 күн шілде басталады.

Күннің тоқырауы — күннің тоқырауы 2 рет келеді. 1. Жазғы тоқырау маусымның 21-і күні болады. 2. Қаңтардың 22- і күні.

Қарашаның қайтуы —жайылымның сонысы қайтып, дала сүркей түске енген уақытта туады.

Киіктің матауы — үркер шоқ жұлдызы қарашаның 11-і күні бататын болса, киіктің матауы да үркер батқан қыс айына тап келеді.

Қыс тоқсан — желтоқсан, қаңтар, ақпан секілді қыс айлары жатады.

Ай тоғамы — үркер мен айдың қатар көрінуі. Ай тоғамы — ай тоғысы дегенде дәл сол кез.

Мұздың қатуы — қарашаның қара суығы ұрып, су бетіне мұз қатқан кез.  

Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

— Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты  жазып қойыңдар. Жаттығудағы антоним сөздерді жазып алыңдар.

«Кім жылдам» стратегиясы. 88-жаттығу. Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке-жеке топтастырып жазыңдар.

СинонимАнтоним
   — Риза болу, мақұлдау, қолпаштау, келісу

      — Ынталылық, құлшыну

      — Ісі оңынан келген, жолы болған адам

       — Амалы құру, шарасыздық

      — Бөркін аспанға лақтыру — қатты қуану, шаттану.

 

 

— Ашулану — қуану

— Жеңілу — жеңу

— қайғыру — шаттану

Сергіту сәті.

89-жаттығу. «Сыңарын тап» ойыны. Құпия, жас, үйір, тіл, ер сөздерінің омонимдес, синонимдес, антонимдес сыңарларын тауып жазыңдар.

Құпияжасүйіртілер
омоним—-1.Адамның жас мөлшері

2.Сәби жыла ғанда көзден шығатын сұйықтық

1.Бір топ жылқыны үйір деп атайды.

2.Үйіріп әкетті

3.

1.адамның дене мүшесі

2.Қазыны тіл.

Қимыл әрек.

1. Адамды жынысы жағынан ажырату

2. Атқа отыру үшін салынатын ер-тұрман

синонимЖасырын, жабық, жұмбақ, белгісізсораТоп, тобырҚарым-қатынас құралыБатыр, қаһарман, жауынгер, сайыпқыран, қаһарлы
антонимжариякәріжалғыз

 

жоқЕз

 

І топқа- 92-жаттығу. Ауызша. Мәнерлеп оқыңдар. Мәтіннен антоним сөздерді табыңдар. Мал бағуға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесің?

І топқа- 93-жаттығу. Өлеңдегі өздерді жұп-жұбымен теріп жазыңдар. Мәтіндегі уақ, алып сөздерінің синонимдерін атаңда. Оларды осы сөздердің орнына қойып оқып көріңдер және қандай өзгеріс болатынын пайымдаңдар. –Түсіндірме сөздіктен пәрмен, дәрмен сөздерінің мағыналарын анықтаңдар. – дәрмен – күш — қуат. (Дәрменсіз, мүшкіл, қайратсыз, шамасы)

«Пікірлер ағашы». Кері байланыс. Тақтада пікірлер ағашы ілулі тұр. Осыған өз пікірлеріңізді стикерге жазып қалдырасыз. Не ұнады? Сабақтан алған әсерім! Айтар ұсынысым…

Бағалау. Бағалау парақшасымен жұмыс.

Үйге тапсырма. 90-91-жаттығу.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.