Home » Мақалалар » Анталияда Қазақстанның көк туын желбіретті

Анталияда Қазақстанның көк туын желбіретті

Жастар – елдің даму қарқынын көрсететін белсенді көрсеткіш. Кез-келген қоғамда елдің өркениет көшіне ілесіп, не артта қалғанын жастардың белсенділігінен байқауға болады. Жастық – ол ізденістің бастауы. Осы кезеңде адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай көрініп, барлық істе – спортта, саясатта болсын көшбасшылық танытады. Жастар тәрбиесімен жұмысты жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру – Елбасының әр Жолдауында атап көрсетілетін басты міндеттердің бірі. Болашағы зор айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары – асқақ рухты жастар десек қателеспейміз. Білімді де білікті жастар – еліміздің ертеңгі тірегі. Сондықтан да, әрқашан жастарды қолдап, олардың әрбір әрекетіне көңіл бөлуді еліміз бірінші орынға қойған.

Біздің жастарымыз елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»,-деп нық сеніммен сөйлеген Елбасы жастарға үлкен сенім артты.

Кеше ғана Түркиядағы Анталия қаласында Европа бойынша өткен «Муайтай- 2017» спорт жағынан Қарасай ауданы  Л. Н. Толстой орта мектебінің  8 сынып оқушысы  Биназар Рахат Даниярұлы I орын алып, Қазақстанның туын көкке желбіретіп, Президент күніне орай сый жасап, қуанышымызды асқақтатты. Рахат- буыны қатпаған жас болса да  талай биіктерді бағындырып жүр. Осындай жігерлі, талапты бала тәрбиелеп отырған ата-анасына, жаттықтырушысына алғысым шексіз. Мен осындай шәкірттің сынып жетекшісі екеніме қуанамын. Рахаттың асар асуы алда, дегенмен қолдау көрсететін азаматтарымыз көп бола берсе екен…

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! – деп М. Жұмабаев айтқандай, жастар біздің болашағымыз, демек, жастарға үнемі қолдау көрсетіп отырған еліміздің келешегі кемел, болашағы жарқын!

 

Исмайыл Ұлжан Әбдіразаққызы

Іргелі ауылындағы Л. Н. Толстой орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылы,

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.