2018 жылдың 27 қарашасында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ғылыми-зерттеу және экспозициялық жобаның логикалық жалғасы болып табылатын «Тарихи таңдау. Мемлекеттілік нышандары» атты қор көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Ашылу салтанатына Елбасы кітапханасының бірінші бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина, мемлекет және қоғам қайраткері Әмзебек Жолшыбеков қатысады.Көрме үш мерейтойлық датаға: Ұлттық валюта теңгенің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңның 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына арналған. Аталмыш көрмеде елдің жаңа саяси тарихының әртүрлі қырлары көрсетілетін болады.1993 жылғы 15 қарашадағы Ұлттық валютаның енгізілуі республикадағы нарықтық қатынастарды құрудың маңызды құралына айналып, өз ұлттық экономикасын қалыптастырудың бастапқы нүктесі болды. Ширек ғасыр ішінде Ұлттық валюта теңгені қалыптастыру және нығайту тарихы мұрағаттық материалдар, бонистикалық және нумизматикалық коллекциялардан алынған экспонаттар арқылы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын 1993 жылғы 13 қаңтарда құқықтық тұрғыдан тіркеу оның егемендігін құрудың ажырамас бөлігі болды. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау саяси, экономикалық, географиялық, тарихи, мәдени, ұлттық, құқықтық және басқа аспектілерді мұқият қарастыруды, компромистерді міндетті түрде іздеуді және өзара тиімді шешімдерді талап ететін өте күрделі және уақытты қажет ететін процесс болып табылады. Елбасы кітапханасының архивтік материалдар мен музей жинағынан алынған экспонаттар кешені тату көршілік қарым-қатынас құру тарихымен дәйекті түрде енгізілетін болады.1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жетістіктерінің бірі болды. 1995 жылы қайта қаралған Конституция Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құқықтық мәртебесін қалыптастырды.
«Тарихи таңдау. Мемлекеттілік нышандары» көрмесі
2019 жылдың 27 қаңтарына дейін жалғасады.
Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі 1,
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ