Мақсаты:
— мерекелік көңіл-күйін құру;
— анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту;
— ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
— балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
— өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: жүргізуші, көктем, ата-аналар.
Ойындар:
1. «Гүлді тез ал» Көктем ойнатады.
- Ана махаббаты (тренинг-ойын)
Мерекеге сай безендірілген музыка залы
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – өмір шуағы» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық. (Балалар қолдарына шар ұстап кіреді)
«Аналардың тілегі» әнімен кіреді,осы әнге би билейді.
Балалар хормен айтады:
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Жүргізуші:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Ардақ:
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн!
Махабат:
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті апа, аналар!
Жүргізуші:
Балалар ең асыл жан кім? \Ана\
Қызығында, бұзығында көтеретін кім? \Ана\
Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? \Ана\
Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\
Осындай үлкен мейрамда аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \
Ендеше бәріміз аналарға арнап ән айтамыз.
Ән: «Анашым қартаймашы»
Рауза:
Баланың да тірегі,
Дананыңда тілегі.
Ауырмасын ешқашан,
Анамыздың жүрегі!
(Осы кезде балалар қолдарындағы шарды аналарына апарып береді).
Музыка ойналады
(Балалар орындыққа келіп отырады)
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы. — дей отыра сіздерге арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Алима:
Бізге қарап елжіреп,
Сүйіп беттен ақ мамам,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіремін шаттанам.
Саша:
Әлпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған.
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Айару:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам…
Нұрахмет:
Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Костя:
Вот какой нарядной
Детский сад,
Это мамин праздник
У ребят,
Мы для мамы
Песню запоем,
Мы для мамы
Пляски заведем
.
Соня:
С восьмым марта, моя мама
Будь прекрасной, как звезда
Знай, люблю тебя и сильно
Буду рядышком всегда.
Зере:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Марина:
Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең!
Әр кез саған тілеймін,
Ұзақ өмір жолдарын.
Ана махаббаты (тренинг-ойын)
Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп! Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтыңдаршы, бұл қай кезде болады? \Көктем мезгілінде\
Көктем келеді. \балалармен, ата-аналармен амандасады.\
Жүргізуші: Қош келдің, төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарын тамашала!
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін канекей, көңіл күйлер
Алдарыңызда қазір би,
Қол соғып демеу берер көрермендер.
Қыздар биі: «Модница»
Ерасыл:
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Кәусар:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Аяулым:
Бәрімізге анамыз,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым!
Айша:
Бізді өсірген анажан,
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекең!
Ғаламат:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Ән: «Айналайын мама»
Ойын «Гүлді тез ал» (Көктем ойнатады).
Арнұр:
Қызықтап әр сөзімді
Жүрегінде сақтаған,
Сабырлы да төзімді
Анашыммен мақтанам
Абайжан:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де .
Айғаным:
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Көктем:
Ойын:
Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсеңдер мен сендерге ойын әкелдім, келісесіңдер ме?
- Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?
Дұрыс менің қолымда бәйшешек гүлдер. Қазір мен бүл гүлдерді жерге қоямын. Музыка ойналады, сендер билейсіңдер. Музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек. Кім үлгірмейді сол ойыннан шығады.
Би: Ұлдар мен қыздар биі
Жүргізуші:
Тамаша, міне көрдіңіздер ме біздің балалар өнерлі!
«Ана махаббаты» деген тренинг-ойын.
6 бала және аналары шығады. Аналар бір-бірден кезекпен шығып, көздерін байлайды. Содан көзі жұмулы ана өз баласын танып, табу керек.
Көктем: Балалар менің уақытым келіп қалды. Бірақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!
Балалардың сыйлығы беріледі. Аналарына
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке! —дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты ата-аналар!
Майра Жақыпбекова
Алматы облысы Қарасай ауданы
Қырғауылды ауылы «Ақ көгершін» балабақшасы
«Балауса» ортаңғы топ тәрбиешісі