Home » Балабақша » Ана – өмір гүлі

Ана – өмір гүлі

  1-жүргізуші: Армысыздар  ақ жаулықты әжелер ардақты да аяулы аналар,балабақша ұжымы! Көктемнің  алғашқы  8-наурыз  аналар мерекесімен шын  жүректен  құттықтаймыз!

   2-жүргізуші: Бүгінгі «Күншуақ» тобының «Ана-өмір гүлі» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Ұлдар шығады.

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың.

Қуанышы ананың-

Қуанышы баланың

Бізді өсірген анашым

Еңбегің де зор екен

Құтты болсын анашым,

Құтты болсын мерекең.

    Қайсар:      Ана-жүрек. Ана-тірек,тіректі құрметте!

Ана-шының,шыңыңа сағынып жет!

Ана-күнің,күніңе табынып өт!

     Ернұр: Иә,шынында да,Ана-құдірет.Бар игі жақсылықтың бастауы-аяулы аналар!

Қайсар: Бүгін тек әжелер, аналар, апайлардың ғана мерекесі емес, сонымен қатар тобымыздың өте әдемі, ең сұлу, инабатты  қыздарымыздың да мерекесі.

Ернұр: Ендеше қыздарымызды ортаға шақырайық.

Қыздар ортаға шығады.

Ернұр:           «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап

« Ана» деген бәйтерегі өмірдің

«Ана» деген алтын қазық,алтын бақ!

Хор: «Аяулы анашым»

Қайсар:          Бүгін наурыздың 8-і

Сұлулықтың   негізі

Әдемі  сөз   адамның

Анаға  айтар   лебізі

       Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің аналарына деген өлең жолдарын тыңдайық!

Есік  қағып,көктем  келеді:

Мен көңілді  көктеммін,

Былтыр-келіп  кеткенмін

Көзін  ашып  бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін

Жүргізуші:Армысың Ару көктем! Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз! Ару көктем біздің бүлдіршіндеріміз өзіңмен бірге тамаша би билемекші.

         Би: «Көбелектер»

Жүргізуші: Шуақты көктем келді  гүлін алып,

Көктемнің  мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де гүлі-аналар!

Ана деп бас иеді бүкіл халық! –

Томирис,Айым,Сабыржанның орындауында «Апатайым» әні.

Ән: «Апатайым»

Жүргізуші:Балалар көктемде күн жылынады,жылы жақтан не ұшып келеді?

       Балалар: Қүстар.

Музыка әуенімен Қарлығаш кіреді.

Қарлығаш:Жан-жағыма қарасам,

Қонақтар өте көп екен.

Ұлдар да көп,қыздар да көп

Мен қарлығашпын

Ақылыма көркім сай

Келіп қалдым мен бүгін,

Құттықтауға сіздерді

Аналарды,қыздарды,

Сүйікті әжелерді

       Жүргізуші: Рақмет саған қарлығаш!

Қарлығаш:Бүгін тек аналар мен қыздардың  ғана мерекесі емес.Сонымен бірге әжелеріміздің де мерекесі.Әжелерімізге арнап бүлдіршіндеріміз өлең жолдарын оқып  бермекші.

     Қарлығаш: Ой рахмет балалар! Мен әжемді қатты жақсы көремін.

Жүргізуші:Біздің де балалар әжелерін қатты жақсы көреді.

                Ән: «Әже»

Көктем:Қандай керемет ән.Қарлығаш сен билегенді қатты жақсы көруші едің ғой.Қане әжелерге арнап би билеп берші.

Қарлығаш:Мен билегенді жақсы көремін.Қане,кім менімен билейді.

Би:  «Буратино»

               Жүргізуші: Ару көктем, Қарлығаш сендер біздің балалардың өнерлі екендерін көрдіңдер. Сендер біздің балаларға қандай сый алып келдіңдер?

Ойын: «Гүл сыйлау»

           Жүргізуші:  балалар сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?

          Балалар:Ия

Жүргізуші:  Сендерге кім тамақ жасап береді,киім әпереді, ауырсаңдар кім дәрі береді?

Балалар: Анамыз

Жүргізуші: Ендеше балалар біз аналарымызға алғысымызды білдірейікші.

Балалар: Рахмет Сізге Ана!

Оспанова Жанар Абдиловна

Алматы қаласы, Алатау ауданы

«№164 бөбекжай-балабақшасы»

 I- Санатты тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.