Home » Ашық сабақтар » Ана тілі бабаңның есімі – балаңның есімі

Ана тілі бабаңның есімі – балаңның есімі

Мақсаты: Балаларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

1-жүргізуші.

       Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және балалар! Біздің Отанымыз –байтақ та бай, сәулетті, егеменді ел. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Ұлы қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22 қыркүйекті — Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды.

Тарих бетіне қалдырды. Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.

2- жүргізуші.

           Здравствуйте уважаемые дети, учителя и учащиеся! Все, те кто пришел на наш праздник, мы рады приветствовать вас! Мы поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана.

Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана разрешите считать открытым.

          Good afternoon my dear children and teachers. You are welcome! I am very glad to see you at our lesson because we have and upbringing lesson. 22th September is «The Day of Language».

        The theme of the lesson is «Ana tili babannin esimі balannin esimi». I think you will enjoy it

Уа, халайық, халайық
Бүгінгі кеш төрінде
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскерлер
Білімдеріңді сынайық — деп
Бүгінгі сайысымызға сынға түсетін үш топты қошеметпен ортаға шақырайық.

Сайыскерлерімізге сәттілік, сіздер сайысқа дайындала беріңіздер!

1 — жүргізуші.

На крыльях словно птицы тулпары ввысь летят,

А люди им с надеждой, с мечтою вслед глядят.

На гербе звездочка горит, так ярко и лучисто,

Чтобы счастливо жить тебе под этим небом чистым.

2 — жүргізуші.

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін дүние жүр танып,

Көк байрағың желбірейді төрінде

Әнұраның тұр көгінде шырқалып (Әнұран орындалады). Исполнение гимна РК.

1 — жүргізуші.

     Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін! Балабақшамыздың директоры Титанова Марям Усенқызы, әдіскері Ибаддулаева Меруерт Насировна, психологы Бахтыгереева Зауре Тугеловна.

Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Біздермен бірге уақытымызды жақсы өткіземіз деп ойлаймыз. Мерекемізді бастамас бұрын балабақшамыздың директорына сөз береміз: Титан М. У.

Ана тілім, Жүрегісің анамның.

Жүрек – ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Тіл туралы алғашқы заң 1989 жылы 22 – қыркүйекте қабылданған еді. Содан бері Қазақстан Республикасында бұл жыл сайын Тілдер мерекесі болып аталып өтуде. Тіл, сөз дегеніміз – ата бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Тіл – адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Осылайша бүгінгі тіл мерекесіне арналған “Тіл тағдыры – ел тағдыры” атты сайысымызға қош келдіңіздер.

 

Уа, халайық, халайық,
Бүгінгі кеш төрінде
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскерлер
Білімдеріңді сынайық – деп, бүгінгі сайысымызға сынға түсетін үш топты қошеметпен ортаға шақырайық.

 

2- жүргізуші

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Өнердің түскен жолына,

Жас досым саған мың сәлем.

Ендеше ортаға балабақшамыздың ересек топ «Бәйтерек», «Гүлдер», «Таңшолпан» топтарының бүлдіршіндерінің орындауындағы «Домбыра» әні.

1 — жүргізуші.

Ендеше ортаға балабақшамыздың бүлдіршіндерінің тіл туралы тақпақтарына кезекті берейік.

       1-st pupil:                                                                       2-ші бала

I love learning English                                             Мне дорог аромат степей

I can read, I can write,                                             Здесь воздух Родины моей

I can draw, I can count,                                           Мой Казахстан!

Мой дом родной!

Не знаю Родины иной!

 

 

   3-ші бала                                                                    4-ші бала

Туысқандар – бауырлар!                                         Я казах, в степи рожден

Қазақ тілі – ана тілі.                                               Знойным солнцем ополен

Қуанатын күн бүгін!                                              Встречаю новую зарю

Тіл мейрамы келіпті.                                              Как беркут гордый ополен

Под щедрым солнцем, золотым

Мой флаг и герб себя вобрали,

Весь мир степной родные дали.

 

     5-th pupil                                                           6-шы бала

We learned our ABC’s                                     Ана тілім — ұраным

And counting 1,2,3’s                                        Ана тілім — құралым

And now we know all these                            Ана тілім — болмаса

The kindergarten class                                    Мықты болмас тұрағым.

7-ші бала                                                        8-ші бала

Ана тілім – елдігім                                    Ана тілім-айбыным,

Ана тілім – ерлігім                                    Баға жетпес байлығым.

Ана тілім – болмаса                                  Сырын сеннен ұғамын.

Бүтінделмес кемдігім.                             Қуанышпен қайғының.

Тілім деп сені сүйемін

Күнім деп сені сүйемін

Мәртебең осы ғасырда

Биік болсын деп тіледім

2 — жүргізуші.

 

Now I’m going to teach you how to play this game. The game has 4 contests, they are:

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады

І   кезең – «Таныстыру» «Introduction»

ІІ кезең — «Мақал-мәтелдер, жұмбақтар»

ІІІ кезең – «Мықты болсаң тауып көр» (ойын, үш тілде атап беру керек)

IV кезең — «Бәйге» (сұрақ — жауап)

V   кезең – «Өз өнерін көрсет»

1-жүргізуші

Беташарын сайысымызды бастайық.

Көрерменді бір селпітіп тастайық!

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

Қошеметпен ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.

Енді сөз кезегін сайысқа қатысушы топтарға берейін, өз топтарын таныстырып өтсін.

1-топ Біздің топ «Білім», ұранымыз: «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ».

2-топ Біздің топ «Бірлік», ұранымыз: « Бірлік болған жерде, тірлік болады».

3-топ Біздің топ «Қызыл тіл», ұранымыз: «Өнер алды қызыл тіл», сайыскерлер өз топтарын таныстырып өтеді.

Әділ қазы алқалары сайыскерлеріміздің әділ бағасын беріп кетсеңіздер?

1 — жүргізуші.

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауабын таба ма екен сайыскерлер

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

 

«Жүйрік болсаң тауып көр» 2 –ші кезеңіміз!

 

Мақал-мәтел:

Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі (ой өсіреді).

 

Ана тілің (алпыс) тілге татиды.

 

Адам көңілінен азады.

(Тілінен) жазады.

 

Жұмбақ

Асты маржан жинаған,

Үсті маржан жайнаған,

Бұлбұлы бар сайраған.

                                 (Ауыз, тіл)

Тіл тас жарады (тас жармаса бас жарады)

 

Сай бойында сары алтын

                                            (Білім)

 

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

                                            (Тіл, тіс)

 

Әділ қазы алқалары ІІ кезең «Жүйрік болсаң тауып көр» 2 –ші кезеңіміздің!

ұпайларын айта кетсеңіздер?

 

ІІІ кезең. Мықты болсаң тауып көр.

Топтың капитан мүшесі шығады. Ойынның шарты:

«Қорап ішінде күнделікті қолданылатын заттар жасырылған, сол шыққан заттың жауабын үш тілде айтуы керек, қай топ бірінші боп тапса сол топ жеңіске жетеді».

Жарайсыңдар, сайыскерлер, ендеше әділ қазы алқалары ІІІ кезеңіміздің топтарға қойған әділ бағаларыңызды айта кетсеңіздер!

ІV кезең «Бәйге сұрақ жауап»

  • Қ.Р «Тіл туралы заңы» қай жылы шықты? (1997ж. 11 шілде)
  • Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы кім? (Ы. Алтынсарин)
  • Үш кемеңгерді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би).

 

  • Алғашқы қазақ тілінің жазбаша түрі қай тілде жазылды? ( Латын тілінде жазылды).
  • Америка жалауында неше жұлдыз бар? (50)
  • Қ. Мырзалиев «Ана тілің арың бұл»

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.

  • Какие национальности проживают в Казахстане.
  • К какому семейству языков относится казахский язык? (к тюрским языкам)
  • Сұрақ қойылады, ал сұрақтың жауабын (Ө, К әрпінен бастайсыңдар). Бүгін қандай күн? ( өте жақсы күн қызықты күн).
  • Ендеше ІV кезеңіміздің әділ бағасын бере кетсеңіздер әділқазы алқалары?

2- жүргізуші

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің?
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

Әділ қазы алқалары сайыскерлеріміздің әділ бағасын бергенше, балабақшамыздың ересек топ бүлдіршіндерінің орындауында Welcome to Kazakhstan Биін тамашалаңыздар!

1-жүргізуші

Ана тілім – күшім менің қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын, – деп сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз. (Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды).

2-жүргізуші

Міне осылайша «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты сайысымыз да өз мәресіне де келіп жетті.

Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы.

Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ.

Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Келесі кездескенше күн жақсы!

Пирниязова Жұлдыз Базарбаевна,
№ 9 “Бәйтерек балабақшасы”
Ағылшын тілі мұғалімі,
Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 елді мекені

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.