/Қазақстан халқының Тілдер мерекесі аясында ұйымдастырылған іс — шара/
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиет бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар.
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат саған – аманат! деп, ақын-жазушыларымыз жырлағанындай, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.
««Мемлекеттік мәртебе» алған ана тіліміздің жылдан жылға өркені өсіп, өрісі кеңейе түсуде. Бүгінгі қазақ тілі – Қазақстан халқын бір мақсатта топтастыратын, ұлттық жаңғыртуымызға серпіліс туғызатын айрықша күшке ие болды», — деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, тіл – барынша өзекті, әрі өмірлік мәні зор мәселе.
Қазақстан халқының тілдер фестивалі аясында біздің балабақшамызда 18-29 қыркүйек аралығында іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Өткізілген іс-шараларымыздың негізгі мақсаты балалардың тілге деген, Отанға деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру, ана тілінде дұрыс, таза сөйлей білуге үйрету және тілдік сөйлеу әдептерін қалыптастыру, әрі балаларды ұлтжандылыққа, тілсүйгіштілікке тәрбиелеу.
18 — қыркүйек күні балабақшада Тілдер күні мерекесін ұйымдастыруға арналған «Ана тілім — тірлігімнің айғағы» атты педагогтармен дөңгелек үстел өткізілді. Жиын барысында балабақша әдіскері педагогтарды Тілдер күні мерекесімен құттықтап, мерекеге орай іс-шаралар кестесімен таныстырып, іс-шараның өтілуіне жауаптылар: бірінші жауапты кісі: қазақ тілі мұғалімі – Жақсылықова Баян Бекмұратовна, музыка жетекшілері мен спорт нұсқаушылары, ағылшын тілі мұғалімі және барлық топ тәрбиешілері екенін айтып өтті.
22 — қыркүйек күні барлық топтар «Тілім бар деп мақтанам!» деген тақырыпта балалардың жасын ескере отырып әр топ қабырға газетін шығарды. Қабырға газетін шығарған әрбір еңбектері елеусіз қалған жоқ. І орынды «Балдәурен» және «Болашақ» тобы иемденсе, ІІ орынды «Еркетай», Аяулым», «Құлпынай» топтары иемденді. ІІІ орынды «Арай», «Аяла», «Алтынай», «Әдемі-ай», «Жұлдыз» топтары иемденді. Барлық топтар іс-шараға белсенді қатысып, ат салысқандары үшін марапатталды.
22 — қыркүйек күні ересек және мектеп алды даярлық топтары арасында «Ұлттық ойындар көрінісі» атты спорттық сайыс өткізілді. Бұл іс-шара спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Сол іс-шара барысында түсірілген бейне суреттер:
26 – қыркүйек күні «Туған жерім – Қазақстаным» тақырыбында ата-аналар мен балалардың қосылып салған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Суретте балалар мен ата-аналар өз туған жерін бейнеледі. Бұл сурет көрмесі барысында балалардың жұмысы бағаланып, жүлделі орындар: І орын — «Балдәурен» тобы бүлдіршіні – Мусин Батырхан, ІІ орын -«Алтынай» тобы бүлдіршіні – Сағитов Рауан, ІІІ орын – «Нұрай» тобы бүлдіршіні – Сычева Ника атты бүлдіршіндер иемденді. Сондай-ақ, сурет салған барлық балалардың жұмыстары ескеріліп, сурет салған барлық балалар «Алғыс хатпен» марапатталды.
26 — қыркүйек күні ересек, мектепалды даярлық топтар арасында «Қазақ ертегілері әлеміне саяхат» атты ертегілерді сахналау көріністері ұйымдастырылды.
Сурет көрмесінің бейнелері:
28 — қыркүйек күні «Өссе тілім, менде бірге өсемін!» атты ересектер, мектепалды даярлық топтар арасында мәңерлеп оқу сайысы өткізілді. Бұл сайыс барысында І орынды Бектұрсын Иманғали «Балдаурен» тобынан, ІІ орынды да «Балдаурен» тобынан Айтөре Нәзікай имеденді. ІІІ орынды «Әдемі-ай» тобынан Уринбаева Айдана және «Аяла» тобынан Егор Максим иемденді.
29 — қыркүйек күні «Тілім менің – тірлігімнің тірегі!» ортаңғы топ пен ересектер және мектепалды даярлық топтарының ата-аналарымен бірігіп өткізілген сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайысқа «Балдәурен» тобынан: Бектұрсын Иманғали анасымен, Айтөре Нәзікай анасымен, «Аяулым» тобынан Нұрғали Қамбар анасымен (алайда белгілі бір себептермен бұл отбасы қатыса алмады), «Нұрай» тобынан Акматовтар отбасы қатысты. Сондай-ақ, «Еркетай» тобынан Аяған Батырлан мен Байырлан анасымен және сол топтан Ержан Димаш анасымен қатысты. Сайыс төмендегі кезеңнен құралды:
- Таныстыру.
- Жұмбақтың шешуін тап.
- Мақал-мәтелді жалғастыр.
- «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.
- Өмірлік жағдаяттардан сұрақтар.
Сайысқа қатысушылар жақсы дайындықпен келгендіктен, әділ-қазылар алқасына жүлде тағайындау қиындыққа соқты. Алайда, сайыс болғандықтан, жеңіс бар, жеңіс бар жерде, жеңіліс те барын ескеріп, жүлделі орындар тағайындалды. І орынды «Балдәурен» тобынан Бектұрсын отбасы, ІІ орын «Балдәурен» тобынан Айтөре отбасы, ІІІ орын «Еркетай» тобынан Ержан отбасы иемденді. Қатысушы Аяған отбасы «Жігерлі отбасы» номинациясымен, сондай-ақ, Акматовтар отбасы «Мерейлі отбасы» номинациясымен марапатталды.
Қатысушыларға марапаттау дипломдарынан басқа жүлделі сыйлықтар да табысталды.
Бұл сайыстың ұйымдастырылуы балаларға да, ата-аналарға да өте ұнап, ата-аналар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жаудырып жатты. Сайысты ұйымдастырушы топқа: қазақ тілі мұғалімі мен музыка жетекшілері, тәрбиешілерге ата-аналар алғыс білдіріп, осындай сайыстардың жиі болып тұруын қалайтындарын айтып ағынан жарылды, сондай-ақ балабақша әдіскері балабақша әкімшілігінің атынан және өз тарапынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында өткізілген іс-шарамыз бүлдіршіндердің көңілін бір серпілтіп тастады. Балаларымыз Қазақстанның патриот азаматы болып, өнерлі де, өнегелі тәрбие алып, әрі қарай дамып, өрлей берсін дегіміз келеді.
Атадан балаға мұра болып қалған баға жетпес құндылығымыз – ана тілімізді сақтайық. Ұлтын сүйетін, өз тілін сүйетін басқа тілдерді де жақсы меңгерген, ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосайық.
Елімізде тыныштық, бірлік, ынтымақ тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, балаларымыз әрқашан бақытты болсын!
Жақсылықова Баян Бекмұратқызы,
МКҚК №53 «Мерей» балабақшасының
әдіскері, Астана қаласы
Ахметова Айгерім Станбекқызы,
МКҚК №53 «Мерей» балабақшасының
әдіскері, Астана қаласы