Home » Мақалалар » «Ана мен бала» тақырыбындағы ток-шоуы өткізілді.

«Ана мен бала» тақырыбындағы ток-шоуы өткізілді.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының  2017 жылғы жоспарына сәйкес МКҚК «Алпамыс» балабақша базасында  27 қыркүйек күні ата – аналардың қатысуымен   «Өнерлі бала –ата-ананың бақыты» тақырыбында сұхбат өткізілді.

Ток шоу   мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын-сауық және мәдени шараларды ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы ықпалдастықты нығайту және дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Ток – шоуға «Әмбебап балдырған» ересектер тобының  тәрбиеленушісі Алтынбек Сұлтанбидің  әжесі – Когашева Сақыпжамал, «Әмбебап балдырған» ересектер тобының  тәрбиеленушісі Абай Нұрлыбектің әжесі – Қайырбаева Венера, «Зерттеуші бүлдіршін» ортаңғы тобының  тәрбиеленушісі  Абдуллақызы Кәусәрдің  анасы — Тұяқбаева Қалдан,  «Зерттеуші бүлдіршін» ортаңғы тобының  тәрбиеленушісі  Алмас Нұрисламның  анасы — Абдуллаева Айгүл қатысты.

Ток – шоу барысында:

— Балаңызды мәдени шараларға ертіп барып  жүрдіңіз бе?

— Балаңыздың өнерге, әнге, биге, музыкаға және т. б. ынтасы бар ма?

— Балаңыз тақпақты жатқа айта ала ма?

— Ертегі кейіпкерлерін есте сақтай ала ма?

және т. б. сұрақтарды талқылай отырып, ата-аналардың  ойлары және  балаларды  өнерге баулу барысында қандай жұмыстар жүргізілу керектігі жөнінде сөз қозғалды. Одан әрі сөз алған балабақша  педагог –психологы Сақтанова Нұргүл Есенбекқызы балалардың үй жағдайында да шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру үшін   ата – аналарға  жаңаша жұмыс түрлерін көрсетті.

Ток – шоу соңында баланы өнерге баулу жолында екі тараптан да қолдау көрсетіліп, өнер жолында әрбір баланың жұлдыз болуына ықпал ету үшін  жаңашыл педагогтардың жаңаша көзқараста берген тәлім мен тәрбиесін  одан әрі  отбасында ата – аналардың ұштау керектігі  түйін етілді.

Қисықова Нұргүл Жаңабекқызы

«Алпамыс» балабақшасының әдіскері

  Қызылорда қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.