Күн көзіндей күлімдеген ай нұрың
Ұқтырғандай ана жүрек көп сырын.
Дем бересің жылы сөзбен, көзбенен
Бір өзіңе арналады, ән жырым.
Ана сенің саяңда саяладым,
Алақанмен маңдайымнан аяладың.
Жұпар исі аңқыған бір өзіңнен,
Аяулы жан еш жерден таба алмадым.
Ана мен бақыттымын, бақыттымын,
Тәңірім сыйлады маған жаһұт нұрын.
Еш қашан сағым сынбас өзің барда
Алдыңнан ашылғандай бақыт күнім.
Отан
Отан — ыстық мекенім
Білем елім екенін
Қазақстан байрағы —
Менің туым екенін.
Байрағы биіктеген Астанада
Бой көтерді
Бар әсемдік бас қалада.
Ұқсайды күн көзіне шұғылалы
Бәйтерек тұр
Жанасып көк аспанға.
Абай жолы — ізгі жолы
Балаң шәкірт ерте есейді — он үште
Он жасында хат таниды медреседе
Шығыстың ұлыларын оқып-біліп,
Араласты жастайынан ел ісіне.
Араб, парсы тілдерін жетіп білген,
Зере әжесі ертегі аңыз айтып берген.
Жауыздықты-ізгілік жеңеді деп,
Абай атам өмір бойы айтып өткен
Абай ата – қазақтың бас ақыны
Арнасынан асатұғын ақылы.
Әрбір қазақ — Абай деп ұрандатып,
Өлең айтып, жыр жазуға хақылы.
Өнеге боп қала берген әлі де
Әрбір қазақ «Абай» –деп ұрандатып
Өлең айтып, жыр жазуға хақылы.
Салып кетті ізгілік жол біздерге,
Білім ал,оқып ,түйіп ізден деп
Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымға
Ізденсе ғана жүйрік шығар жүзден деп.
Ұстазыма
Әліппе бетін аштым да
Өзіңмен бірге үйрендім.
Мектепке қадам бастым да,
Жамандықтан жирендім.
Қолыма алып қаламды,
Бейнеледім анамды.
Кітапты алып қолыма,
Шарлап шықтым ғаламды.
Жақын тартып жаныңа,
Кеудеңе қыстым өзімді,
Айтатын болсам тағы да-
Ақылмен бердің білімді.
Бастауыштан басталады бәрі де
Ұстаз -ана үйретеді бәріне
Қысы –жазы уақытым жоқ демейді.
Мектепке ол келеді таң-сәріде.
Көктем
Қар еріп, су толады сай-салаға,
Күн шығып, нұрын төгер ен далаға.
Көгеріп маңайдағы көп ағаштар
Бөленді жан-жағымыз көк майсаға.
Тазартамыз ауланы,
Тазартамыз қаланы
Тазалықты сүйетін
Жақсы көрем баланы.
Өзім туралы
Дүниеге келдім, аязды күні ақпанда,
Қуанды әулет анам мені тапқанда.
Есімі болсын-Фариза деп айтыпты,
Таң сәріде азан айтып жатқанда.
Кіші жүздің табыны-тоқберлімін,
Әкем –Мақсұт, анам-Айнұр еркесімін.
Білім нәрін сусындатқан мектебімнің,
Өнеріммен танылған шәкіртімін.
Жанұямыз көп балалы санатында,
Өсіп келем,әкем анам қанатында.
Тәрбиелеп ата-анам бес баланы,
Жақсы сөздер құяды санамызға.
Жаз
Жайма шуақ жайдары,
Күн шығып тұр әдемі.
Қырмызы гүл сайдағы
Бейне бір гүлдің әлемі.
Демалысқа шығамыз,
Маусым, шілде, тамызда
Көбелектерді қуамыз
Көк-майса шалғын далада.
Сағындым құрт майыңды,
Мініп шабар тайымды.
Сағындым әжем-атамды
Ойлайтын менің жайымды.
Кеш түскенде өрістен,
Қой келеді маңырап.
Қой мен қозы көріскен
У-шу болды атырап.
Исаханова Акмарал Аманхановна,
№24 орта мектеп,
Бастауыш сынып мұғалімі,
Астана қаласы