Home » Ашық сабақтар » Ана – біздің күніміз

Ана – біздің күніміз


«Таңшолпан» ересек тобы.
Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
Тәрбиеші орындауындағы жеке ән: «Көктем»
Көңілді әуенмен балалар кіріп билеп, шашырап тұрады.
Жүргізуші: Наурыз күні — ана күні, әлем күні,

Әлемді тербендірер ана күні.

Анасыз туған жан жоқ жер бетінде,

Ұғып алыңдар балалар сендер мұны.

-Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз — ана.
Жүргізуші: Ана! Бұл сөз әр халықтың тілінде бар.Барлық тілде ол нәзік, жылы естіледі. Ана — дегеніміз, әлемнің жан дүниесі. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы арқылы мейрімділігін, махаббатын бере алған аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол, — 8 наурыз, Халықаралық әйелдер мейрамы күні. Бүгін бізде құрметті аналар құттықтай отырып сіздерді , «Ана — біздің күніміз» атты ток-шоуымызды сіздерге арнаймыз!

(Балалар аналарына гүл сыйлайды)

  • Ал енді құрметті аналар балалардың сіздерге арнаған гүлдерін қабыл алыңыздар.

1 бала: Асылбек
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре тұғын.

Кім сендерді,балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

2 бала: Аңсар
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше,

3 бала: Диас «Анама» Ф.Оңғарсынова
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді,
Мінекей мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.

4 бала: Іңкәр

Ана мерген, нағыз батыр ол –ана
Ана –сенім, пана болар балаға.
Бақыт деген анаңның алақаны,
Жылытар әрдайым тонғаныңда

Ән: «Ақ мамам»

Балалар үш қатарға тұрады.
Балалар отырады
Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар,

Қызықты ойын бастаңдар.

Аналардың көңілін

Бір көтеріп тастаңдар.

Ойын: «Мен ең сұлумын». (аналары сияқты киінеді)
2 ұл бала ойынға қатысады, жарысып киініп, «Мен ең сұлумын!» деп айтуы керек» 2рет ойнатылады.
Жүргізуші: Балалар, бізге Ару-көктем келу керек. Кешігіп жатырғой, мүмкін қыздарымыздың әсем дауысын естіп , балабақшаға жылдам жол табар.
Жеке ән: «Гүлдер мен көбелектер»
Көктем кіреді.
Көктем: Амансыңдар ма, ұлдарым?

Есенсіңдер ме, қыздарым?

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін.

Гүл болып қырда егілем,

Дән болып жерге себілем,

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр көктен төгілем

Шуағын төгіп әлемге

Қуатын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне

Тіршілігін әперем.

Жүргізуші:  Осыншама жақсылық

Ала келген көктемім.

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзің.

Көктем: Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын қызыл гүліміз.

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен.

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бүралған

Қыздарымыз қарап тұрмасын.

— Бізге қыздарымыз билеп берсін, қыздарымызды ортаға шақырамыз

Би: «Тамшылар»
5бала: Нұрсағат
Мама, мама-
Жалғандағы жалғыз ән,
Сезімімді оятатын қалғыған
Мүмкін сенің суретіңді құсқа айтып.
Қауырсынмен ай бетіне салғызам.
6бала: Мұрагер
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!

7бала:Аружан
Мама, мама-
Ең әдемі сөзім бұл,
Ең шуақты, ең бақытты кезім бұл.
Жер шарына мейіріммен қарайтын.
Жанарымда сенің сұлу көзің жүр.

8бала: Самира

Мама, мама-
Қорғанышым, тірегім,
Жүрегімде солмайұғын гүл едің
О, жаратқан, жалғыз Аллам анама
Ұзақ ғұмыр бере көрші тілегім!!!

Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын,
Сәнді көктем нұрымен

Ән: «Келді көктем» (Жарты шеңбер болып тұрады)

Жүргізуші: Ару көктем, бүгін бізде «Ана — біздің күніміз» атты ток-шоу. Бұл мерекеде балалар әкелерімен бірге аналарымыздың көңілін көтеруге тырысады.
Көктем: Қандай керемет, олай болса, жақсы қатысқан қонақтарға сыйлық болады. Мен отырып тамашалайын.
Жүргізуші: Ал, енді ток-шоуымызды бастаймыз.
(Екі баланың әкесін ортаға шақырамын)
Ойын: «Бақшаға апару» (балаларды әкелері бақшаға киімдерін кигізіп дайындайды.)
Жүргізуші: Рахмет әкелер, өте тамаша. Енді түс болды, «Түскі ас». Аналарымыз үйге түскі асқа келіп, енді ас пісіреді. Түскі ас деп айтпай қояйық, салат жасайсыздар, әдемілеп сәндеу керек. «Әрі дәмді-әрі сәнді».
Ойын: «Салат жасау»
Би: «Цыган» (қыздар)
Тақпақтар:
9бала: Еркебұл
Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің,
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.
10бала: Бехуз
Анамыздың мерекесі,
Келіп қалды жақындап.
Көңілін қалай тапсам деп,
Ойлап жүрмін күн-түні.
11бала: Амина
Анашым асыл адам сен едің,
Біздерді бесігіңмен тербедің.
Аялаған біздерді
Ардақты анашым сен едің.
Жүргізуші: Құрметті аналар, әкелеріміздің салаттары дайын екен, дәмін көріңіздер. Ендеше, құрметті әкелер, осы салаттарыңызды аналармен балаларыңызға жегізулеріңіз керек. Қай жақ жылдам болады екен?
Ойын: «Кім жылдам». (Әкелеріміз әзірлеген салатын анасы мен баласына жегізеді)
Жүргізуші: Керемет! Рахмет әкелер сіздерге. Ал енді кеш болды. Екі кештің арасында аналарымыз кір жуып алады. Ендігі міндеттеріңіз балаларыңыздың киімін жуу.
Ойын: «Кір жуу».
Екі баланың әкесі ортаға шығып, жылдамдыққа киімдерді кір жайғышқа жаяды.
Би: «РокенРолл»
Жүргізуші: Рахмет балалар, міне аналарымыздың орнына бір күн тұрып бердіңіздер, енді түсінетін боларсыздар. Ана болу деген қандай?!
Көктем: Қандай керемет! Рахмет! Мынау сіздерге сыйлық.(әкелерге деп сыйлық береді)
Тақпақ:
12бала: Жанел
 Я протру стекло и раму,
Потому что в раме – мама
Очиста протру я раму
Очень уж люблю я маму!
13бала: Інжу
Ничего милее нет
Маминой улыбки –
Словно вспыхнет солнце свет,
Мрак развеет зыбкий!
Словно хвостиком блеснет,
Золотая рыбка –
Радость сердцу принесет
Маминой улыбки!
14 бала: Ағаділ
Обойди весь мир вокруг,
Только знай заранее:
Не найдешь теплее рук
И нежнее маминых
15 бала: Нұрасыл
 Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам!
Көктем: Рахмет балалар, әсем екен дауыстарың. Бүгін аналарымыздың анасы әжелеріміздің мерекесі.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Жүргізуші: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем!

Жеке ән: «Сағындым әже»
Көктем: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

-Балалар, менің қайтатын уақытым келді, басқа да балаларға баруым керек. Мынау менің сыйлығым. (тәтті нанын балаларға сыйлайды, қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Аналар тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Ақ сүт беріп өсірген

«Ботам» деген дауысы

Кетпес ешбір есімнен.

Би: «Опмай, Опмай» (ұлдар)
Жүргізуші: Ана деген-асыл жандар болаттай,

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды талатпай!

— Құрметті асыл аналар, ақ жаулықты әжелер тағы да мерекелеріңіз құтты болсын, — деп осымен ток-шоуымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

 

 

Пернебаева Ж.Ш.,
№11 бөбекжай-бақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.