Ертеңгілік
/Әдемі музыка әуенімен Көктем ханшайымының келуі./
Көктем:
Жылу беріп осы өлкеге енемін,
Наурыз айының бірінде мен келемін.
Күллі әлем табиғатқа жан беріп,
Арайланып шуағымды себейін.
Сәлеметсіздерме құрметті аналар, әжелер әріптестер.Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Балалардың сіздерге арнап дайындаған өнерін тамашалауға дайынсыздар ма? Ендеше «Бауырсақ» тобының «Ана –асыл жан» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер,қошеметпен қарсы алайық!
/Ұлдар залға әдемі әуен ырғағымен шеңбер бойымен қолдарына жазуы бар жүрекшелерді ұстап, кіріп ортаға тұрады, қыздар қолдарына гүл ұстап билейді./
Көктем: Балалар айналамызға қараңдаршықар еріп,жылғалардан су ағып, құстар ұшып келіпті. Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?
БалаларКөктем
Көктем: Дұрыс балалар, ендеше көктем мезгіліне арнап әнімізді шырқап берейік.
Ән: «Көктем келді»
Көктем: Жарайсыңдар, балалар орындарыңа отырыңдар
Ана сөзі үш әріптен құралған,
Ана бақыт қолын бұлғап тұралдан.
Ана барда бақыттымыз бәріміз,
Ана барда орындалар бар арман.-дей келе балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар !
Тақпақтар ана туралы:Амира, Амир,Камшат, Ануар,Айзере, Алан, Валерия,Дария, Анель,Алижан,Дильназ,Полина
«Гүлдер» биі
Көктем: Жарайсыңдар гүлдер билерің тамаша екен, орындарыңа отырыңдар.
/Осы кезде, араның ызыңдаған даусы шығады/
Көктем: Балалар бұл ненің даусы шығып жатқан?
Балалар: Араның
Көктем: Дұрыс балалар көктемде барлық жәндіктер ұйқыдан оянады
/Музыка әуенімен Ара Майя келеді, қонаққа/
Ара Майя: Сәлеметсіңдер ме, балалар ,мен Ара Майямын. Мұнда гүлдер көп екен, жұпар иісі аңқыған.
Ұлдарымыздың тамаша биін қабыл алыңыздар.
Би: «Джентельмен»
Қоян: Рахмет балалар қандай керемет би.
Осы кезде музыка әуенімен түлкі келеді.Көжек қорқып үйшігіне кіріп кетеді де, терезеден сығалайды.
Түлкі:Сәлеметсіздерме қонақтар, балалар. Мұнда не болып жатыр.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе түлкі, біз 8-Наурыз Аналар мерекесін тойлатып жатырмыз.
Түлкі:
Негеқарсы алмайсың,
Үйіңе келген қонақты.
Елді шақырып сарнайсың,
Тікірейтіп сен құлақты.
Мені де кіргіз енді ішке,
Дәмді ас жейік біз түске
/теріс бұрылып, сыбырлайды/
Қоянды мақтап қояйын,
Түскі асқа сояйын.
Үйшігін де тартып ап,
Төрден орын ояйын.
Таныстыруы:
Мен түлкімін сұлуымын орманның,
Бұйыртса міне орындалады арманым.
Алдап-сұлдап үйшігін алсам қоянның,
Одан кейін көре жатармыз қалғанын.
Жүргізуші: Жоқ бүгін аналардың мерекесі гой. Түлкі сен қоянға тиіспе, біздің балалардың өнерін тамашала.
Түлкі: Қәне, байқап көрейін, қандай өнерлерің бар екенін.Бірақ мен шаршап тұрмын біраз сергіп алсам дұрыс болар еді.Қоян шық қорықпа саған тиіспеймін.
Жүргізуші: Олай болса қанеки балалар барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп, би билеп алайық.
Сергіту сәті:музыка ырғағымен би билейді шеңбер бойымен.
(Қоян үйшігіне қайта кіріп кетеді)
Түлкі:Енді балалардың тақпағын тыңдауға болады.
Жүргізуші: Біздің балалар шетінен өнерлі, ана туралы тақпақтары бар,
Дүниенің қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орны бөлек дара екен.
Көктем: Рахмет әдемі гүлдер, билерің тамаша. Көрдің бе түлкі қандай әдемі гүлдер жайнап тұр.
Түлкі: Әдемі екен гүлдер, бірақ маған олардан не пайда, менің үйім де жоқ. Қәне қоян шық, бұл үйде мен тұрамын.
Қоян: Неге келдің Көктем, міне менің үйімді түлкі тартып алды.
Көктем: Жылама қоян мен көктемнің шуағын әкелдім, бүгін аналарымыздың мерекесі ғой. Кәне балалар бір ойын ойнап, түлкі мен қоянды татуластырайық.
Ойын:Балалар ойынымыздың аты «Гүл жинау»деп аталады. Балалар екі топқа бөлініп, себетке гүл тереді. Біреуі қоянның, екіншісі түлуінің тобы.
Түлкі: Керемет екен ойын, менің көңілім көтеріліп қалды, жарайсыңдар.
Көктем:Бұл ойында достық жеңді. Онда бүгінгі аналарымыздың мерекесінде бір-бірімізді ренжітпей дос болайық, тату-тәтті өмір сүрейік.
Жүргізуші: Көктем ханшайымы біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары бар қабыл алыңыз.Ортаға: Еркежан, Аяна, Адильжан, Айдана келе қойыңдар.
Еркежан:
Бақшалаға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.
Аяна:
Күн шуағын шашады,
Жауын да жауып алып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.
Айдана:
Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.
Адильжан:
Зима недаром злится,
Прошла ее пора.
Весна в окно стучится,
И гонит со двора.
Көктем:Рахмет, балалар.
Жүргізуші: Бәрінде де ана бар, әже бар бүгінгі мерекеде балалардың әжелеріне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.Ортаға Батырхан, Мөлдір, Инкар, Айсұлтан, Даир, Ислам.
Тақпақтар:
Батырхан:
Әжемді жақсы көремін,
Ұзақ өмір тіледім.
Қуансын деп әжеме,
Тақпақ айтып беремін.
Айсұлтан:
Әже деген көп шығр,
Әжемдей адам жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
13.Мөлдір:
Менің әжем,
Жыр әжем,
Шуағы мол,
Нұр әжем.
14.Инкар:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Даир:
Ана, әже, апалар,
Құтты болсын мереке.
Осы келген ортаға,
Тілейміз біз береке.
Ислам:
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп жүріңіз,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Түлкі: Керемет екен тақпақтарың маған өте ұнады, көңілім көтеріліп қалды.
Жүргізуші:Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Бүгінгі мерекеге арналған балалардың әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Анашым»
Жүргізуші: Міне, балалар, Көктем келіп шуағын шашып, Түлкі мен Қоян да достасты. Біздің аналарымызға арналған сыйлығымыз бар емес пе, соны аналарымызға сыйлайық.
Балалардың сыйлық беруі.
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды, барлықтарыңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Нугманова Назерке Мырзахановна
№7 ясли-бақша тәрбиешісі
Талдықорған қаласы