Балалар әдемі әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-наурызбен шын жүректен құтықтаймыз. Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік ақылды, сымбатты, мейрімді жандарға арналған. Қандай тамаша мереке. Ана-бұл аяулы да, мейірімді жан. Бүгінгі «Ана аса қымбатты жан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Балабақшамыздың меңгерушісі Г.К.Мейрмановаға сөз береміз.
Жүргізуші. Той пердесін ашайық
Тойдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Ән. «Ақ мамам» Хор.
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы, ананың көз нұры тасты, мұзды да жібітеді демекші балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарына қабыл алыңыз.
Айнель:
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек
Анашымның жүрегі
Мейірімді ғой керемет
А.Мансұр:
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз баланың
Анаға айтар лебізі
Мәди:
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймын мерекемен
Құрметті аналар
Әди:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де, ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Медина:
О алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді, жыр алып
Айзере:
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасыз
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым
Жүргізуші: Балалар, туған күнде, мерекелерде, аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар қояды?
Балалар: Бауырсақ, торт, булочка,конфет.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, осылардың ішінде қайсысы көбірек ұнайды?
Балалар: Кәмпит
Әсем әуен мен кәмпит ханшайымдары кіріп келеді.
1 Кәмпит ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Біз кәмпит ханшайымдарымыз сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдік.
2 Кәмпит ханшайымы: Мен тәттімін
Балалардың сүйікті дәмімін
Мерекенің сәнімін
Дастарханның әрімін
Жүргізуші: Ой, балалар, бізге кәмпит ханшайымдарымыз келіпті. Қандай жақсы, қане онда отырып балалармен бірге өнерлерін көрсетуге қосылыңыздар. Залда әсем әуен қосылады. Көктем аруы кіріп келеді.
Көктем аруы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен көктем аруымын. Мен сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға келдім. Мерекелеріңіз құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекемен әжелерімізді де құттықтаймыз. Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз әжелерімізге арналады.
Ән. «Ақ әжем»
Асыл аналарымызға арналған тақпақтарымызды жалғастырайық.
Айлана:
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар
Тайр:
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің
Элданай:
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекеңмен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді
Әли:
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілейін
Ұзақ өмір тілеймін
Інжу:
Жанымыз жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Айғаным:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз
Жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп, берер тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздерде
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Би. Вальс
Көктем аруы: Сұрақ-жауап.
Жүргізуші: Келесі аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық лебізін тыңдайық. Тағы да тақпақтарға кезек берейік.
Қ.Мансур:
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар
Адия:
Келді көктем күнің
Күлімдейді гүлің
Алтын ойлы анам
Мерекеңіз бүгін.
Нұрбол:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімді сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
Даяна:
Баланың да, тірегі
Данаңыда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі
Сабина:
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
Дастан:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Балаларды қуантуп
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Ана деген ең жақсы сөз әлемде
Ән. «Ана»
Жүргізуші: Балалар, бәріміз бір сергіп алайықшы. Қане бәріміз сергіту сәтін жасап алайық.
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқымнан
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғынам, — деп асыл аналарымызға арналған тақпақтарымызды жалғастырайық.
Хансері:
Ақ анашым әппағым
Өзің жайлы таппағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрінде
Әлімжан:
Еркелесем күлім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан йіскеп менің
Құлыншағым,күнім дейтін
Айлин:
Мәпелейсің мен анам
Қолындағы құсыңдай
Құлпыра өсіп,демалам
Құшағыңда қысылмай
Айша:
Әже деген көп шығар
Әжемдей жан жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Малика:
Ана — пана
Ана — дана
Өмірге әкелетін
Ана ғана
Жүргізуші: Келесі әсем ән. «Топ-топ»
Көбелектер биі:Қыздар
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды
Аналарымызға арналған слайд.
Балаларымыздың аналарына арналған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.
Сапарбекова Майра Туймебаевна
Астана қаласы
№74 «Дәурен» балабақшасы