Home » Балабақша » Анашым – асылым!

Анашым – асылым!

Мақсаты: Балаларға 8 — наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Қымбатты әжелер, аналар,сүйкімді қыздар,апайлар, Сіздерді 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге «Ботақан» тобының апайлары және бүлдіршіндері атынан мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз!
Өздеріңізге арналған «Ботақан» тобының «Аналар асылым» ертеңгілігіне хош келдіңіздер!

Ана десем, алғыс алам халқымнан

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым

Ана десем, әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір  даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар .

  • Ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты  мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші:Әрине, бұл біздің  аналарымыз. Ана – перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық:

Мирас:

Ана сен бақыттысың,

Гүлің болып өсіп келем.

Жайнап жүрші,күліп жүрші

Алладан мен тілеп жүрем.

Асия:

Ана деп күнде ән салам,

Ауылға бүкіл жар салам

Қуанту үшін анамд,

Күнде-күнде бес алам.

 Сымбат:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

Алихан:

               Анамыздың мейрімді

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.

Гүлжайна:

Ақ мамамды әрқашан,

Сағынамын,сыйлаймын.

Мейрам сайын мен оған

Түрлі сыйлық сыйлаймын.

Ақбаян:

                Мен мұғалім анамның

Өнегесін аламын.

Ертең менде анамдай

Оқытушы боламын .

Р.Айзере:

                Менің анам ардақты

Алтыннан да салмақты.

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым.

Есік қағылып әдемі көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге,
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан — байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.Біздің ару қыздарымызбен би билегің келе ме?

Көктем:Ия

Би: Гүлдер

Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!
Тақпақтар:

Раяна:

            Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

С.Айзере:

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
С.Бексұлтан:

                        Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ислам:

              Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Анель:

             Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде.

Ердаулет:

                  Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

Абылай:

                  Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларға сыйлаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

Ахмет:

            Бөбегіңнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ ғұмыр жүз жасап

Ауырмашы анашым.

Көктем: Мен балалармен ойын ойнағым келеді, ойнаймыз ба балалар?

Балалар: Ия

Ойын:»Кім тез гүл тереді?»

Балалар: Ия

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар,әжелер сіздерге арналған балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Ақ әжем»
Музыкаестіледі:
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ:

Жан — жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайлар да мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?
Би: «Барбарики»

Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Ботақан» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!

Әбдырахман Мария

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Дәулет селосы №10

«Ақбота балабақшасы» МКҚК

тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.