Home » Поэзия » Анам менің ақ мамам!

Анам менің ақ мамам!

 

(Тілеукен анама арнаймын)

 

Анам менің ақ мамам,

Бесігінде тербеткен.

Ыстық алақанымен,

Мәпелеген, үйреткен.

Жақын жан жоқ адамдар,

Өз туған анаңнан.

Қамқор болып сыйлаңдар,

Еңбегін адал ақтаңдар!

 

Анам менің ақ мамам!

Бетімнен бір қақпаған.

«Айым, күнім, ботам»,- деп,

Жақсы көрген ақ мамам.

Ақ мамам!- деп мақтанам,

Үлгі тұтам әрқашан.

Өйткені ондай анашым,

Менде ғана бары шын!

 

 

А.М.Тасбулатова,

№17 «Ер Төстік» балабақшасының тәрбиеші,

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.