Home » Балабақша » Анам-асыл қазынам

Анам-асыл қазынам

8-наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың  — дей отырып ортаға кішкентай бүлдіршіндерді шақырамыз

Балалар музыкамен залға кіреді

Жүргізуші:

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы,

Көрікті көктем келді (Ортаға музыкамен көктем кіреді)

1.Көктем:Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші:
Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары

3.Ән:«Анажаным»

4.Көктем:Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін

Сол гүлдерді өсіріп

Аялаумен келемін   (Гүлдер орынан тұрады.)

Көктем: Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.

5.Би: Гүлдер биі

Жүргізуші:Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндер сіздерді құттықтай отырып тақпақтарын айтады. Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық.

Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,

Жүргізуші:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры ақ сүтін беріп аялаған жанын  да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан сазды сәлем хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймын. Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық
Жігіттер биі. «Біздің жігіттер»

Жүргізуші: Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығамыз.

Жүргізуші: Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды. Расыменде бұл балалар қанша тырысып көмектескісі келгенімен шамалары келмейді. Себебі, олар әлі ойыны қанбаған ойын баласы емеспе? Сондықтан хабарымызға  сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық. Ал біз сіздермен ойыннан соң жолығамыз.

Жүргізуші: Асыл анам жасыл бағым жайнаған

Сол бағымда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі сіздерге арналған

Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген сийлықтарын қабыл алыңыздар.Осымен бүгінгі «Анам-асыл қазынам» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

Қалмағанбет Данагүл Балтабекқызы,
«Тайкелтір» бөбекжай
балабақшасының тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.