Home » Жас қалам » Анама теңеу таппаймын

Анама теңеу таппаймын

Ана – сен менің теңдессіз сұлуымсың,

Ешқандай суымайтын жылуымсың,

Шуағын шашқан кезде тез жылынар,

Аспандағы айым мен күн нұрымсың.

 

Ана – сен менің ханшайымым

Төгілген белге дейін бар бұрымың

Ана, сен сенесің бе, теңер едім:

Көздерің бұлақтан да мөлдір десем,

Алақаның күннен де, ыстық десем,

Құшағың кең даладай дархан десем,

Мейірімін жан-жағына шашқан десем,

Күн сайын абыройың асқан десем?!

Мен сені барлығына теңей берем!

Өйткені сен мен үшін әлемдей

Теңеуі таусылмайтын асыл жансың!

 

Өмір деген

Өмір деген уақытша құралған секундттар мен минуттардан

Өмір деген тоқтысқан қайғы мен бақыттардан

Өмір деген ата-анаңның, бауырыңның бақыты

Өмір деген жалғыздық пен өкініштің зор мұңы

Өмір деген әкесіздің, анасыздың қайғысы

Өмір деген сабырлықтың, шүкірліктің айнасы.

 

Тұрлыева Венера

 № 9 орта мектеп

8 «в» сыныбы

МШЖО

жетекшісі: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

 

 

 

                                      

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.