Көзімді алғаш ашып сені көрдім
Есігін аштың маған мына өмірдің
Қуанғаннан деймін мен бір сол сәтте
Шырылдадым, анашым еңіредім…
Ана — сенің жүрегіңнен жаралдым
Ақ сүтіңнен тірлігіме нәр алдым.
Мен есейіп қанша жасқа келсем де
Сәбиімін әлі күнге — анамның
Алтын күнім сенсің, ана, нұр берген
Мына өмірге есік ашып, жол берген
Мен анамның жүрегінің бөлшегі
Мәңгі бірге соғатұғын өзіңмен