Аманат. С.Тұрдалиев
(Әдебиеттік оқу 3-сынып)
Сабақтың мақсаты: әңгімені оқытып, мәтін мазмұнын түсіну; Үзіндінің идеясын ашуға бағыт беру.
Оқушыларды өзін-өзі, өзара бағалау және критерий бойынша бағалау дағдыларын қалыптастыру.
«Аманат» ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ноутбук, «Аманат» бейнефильмі, Блум сұрақтарының парақшалары.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.
- «Аманат» бейнефильмін көрсету
-Балалар, бейнефильм не туралы?
2.ББҮ кестесі
-Сендер бұрын АМАНАТ деген сөзді естіп көрдіңдер ме? Нені аманат етті?
Тақтаға сабақтың тақырыбы, авторы жазылады.
Дескриптор | Ой-қиялын жеткізе алды | Суреттеуді нақты табуы | Ашық сұрақтар қоя алды | Идеясын аша алды | Суреттеуді жаза алды | Барлығы |
Сөздік үшін: Біреуге немесе сенімді қолға ең қымбат, аяулы затын, қасиет тұтқан нәрсесін тапсыруды аманат дейді (тақтада).
-Мысалы, әнші шәкіртіне нені аманат етуі мүмкін?
-Ата баласына нені аманат етуі мүмкін? Оқушылардың пікірлерін тыңдап, қорытындылау.
ІІ. Мағынаны тану
1.Символдар әдісі: Бала, ағаш, кеме суреттерін тақтаға ілу.
Алдын ала мәтіннің мазмұны туралы болжауларын айтады.
-Мәтін мазмұнының не туралы екенін білгілерің келе ме?
Оқушылар топтарға бөлініп, мәтіннен белгіленген бөліктерін іштей оқуға кіріседі.
Әр топтан өздері оқыған бөлімнің мазмұнын әңгімелеушілер шығады, оларға сұрақтар қойылуы мүмкін.
І қатарға: —Бұл қандай мезгіл еді? Кеме қандай суларда жүзе алады? Ендеше бұл қандай су болуы мүмкін? Баржа деген не?
ІІ қатарға: Жазушы кеменің жүрісін қалай суреттеген? Сендер кемеге отырып көргендерің бар ма? Кеме ненің қуатымен жүреді? Кеменің қандай түрлерін білесіңдер?
- Дегенмен, әңгіме аяқтала қойған жоқ. Сендер сияқты олар да рақат демалыста жүр екен. ——Балалар үйге келгеннен кейін, үлкен мәселе туындайды. Бұл не болуы мүмкін? Кәне, болжап айтып көрейікші. (Оқушылардың болжамдары тыңдалады. Мұндай кездерде оқулық беті жабық тұру керек екенін ұмытпау керек).
- Балалар, енді ары қарай не болғанын білу үшін не істейміз? (Оқимыз).
Оқушылар мәтінді аяғына дейін оқып бітіреді де, түсінгендерін білдірсе, «Мен сендердің көздеріңнен көріп тұрмын, өте тамаша түсіндіңдер» деп сеніміңізді білдіресіз.
- 3 .Диалог құру
- Ауылда қандай той болған екен?
- Мұндай да той болатынын бұрын естіп пе едіңдер?
- Бұл бәріміз үшін жақсы жаңалық емес пе?
- Той иесі кім?
- Сонымен әңгіменің «Аманат» аталу себебін кім түсіндіріп берер екен?
- Дәлмырза ақсақалдың өсиет-аманатын кім оқып береді?
Сергіту сәті Музыкалық бейнефильм
ІІІ. Толғаныс
Блум сұрақтары бойынша жұмыс: Дәптермен жұмыс:Сұрақтары мен жауаптарын жазады
Білу сұрақтары— Кімдер? Не? Түсіну сұрақтары– Не үшін?
Қолдану сұрақтары – Өмірде қайда қолдануға болады? Талдау сұрақтары –Неге? Неліктен?
Топтау сұрақтары – Не болар еді, егер… Бағалау сұрақтары –Не жақсы? Не жаман?
Жазғандарын оқу
Қорытындылау:-Жаңа тақырыбымызды қалай, қайда қолданамыз?
Бағалау «Арал» әдісі
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, Үйде аманат қылып қалдырылған зат туралы жазып келу
Бекіту
Моншақ Төлегенқызы Жанузакова,
БҚО, Зеленов ауданы,
БатуринЖОББ мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі,