Қырдағы ел ойдағы елмен
араласып,
Күлімдесіп, көрісіп,
құшақтасып…
Абай
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава =жаңа +разаңһ= күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған ( но = жаңа + роуз= күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Көктемнің жайма шуақ алғашқы күндерінде, 14 наурыз көрісу мерекесін «Амал» мерекесі деп те атайды. Көрісу күні ресми түрде ресми мейрам ретінде мойындалмаса да, Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе, Маңғыстау халқы бұл күнді асыға күтеді. Үш үйдің есігін ашу керек, 60 қа жуық адаммен көрісу керек деген ырымдар бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн. Таң атысымен, әрбір отбасы кең дастархан жайып, дастарханды түрлі тағамдар мен толтырып, жеті түрлі тағам қосып «наурыз көже» пісіріп қояды. Келген қонақтар көрісе отырып «наурыз көжеден» дәм татып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жыл құтты болсын!» деп айту керек. Адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер болса, құшақтасып, беттерінен сүйіп, көріседі. Тек келіндер аталарымен, қайынағаларымен қөрісулеріне болмайды деген ырым бар. 14-22 Наурыз күндері аралығында әйелдер қазақтың ұлттық кийімдерін кийіп жүреді. Өкпе-ренішті ұмытып, көрісу күнінде адамдар бір-бірімен табысады.
Жаңаөзен қаласы №18 орта мектебінде эстетикалық (музыка, технология, бейнелеу, сызу) пәндер апталығы көріс күнімен тұспа-тұс келді, эстетикалық пәндер апталығы аталып өтті. Ұлттық киім киген пән мұғалімдері, мектеп алдында таңертеңгі сағат 8:00 де мектеп қызметкерлерін, мектеп оқушыларын қазақтың ұлттық тағамдарымен, ұлттық аспаптарымен әндетіп, қарсы алды. Мектеп ұжымы, оқушылары бір-бірімен көрісіп, жақсы тілек айтысып, эстетикалық пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, АКТ залда оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын тапты.
«Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді» дегендей, мектеп директоры Өсербай Рысбайұлы Табынчаев, 960 оқушыға арнап салынған, қазіргі таңда 3000 нан астам оқушысы бар, жалпы қызметкерлер саны 285 ұжымды қамтитын мектепті өте жақсы басқарып келеді. 2015-2016 оқу жылында қала бойынша 21 мектептің ішінде ҰБТдан үшінші орынды иеленді. Мектеп директорының ұйымдастыруымен, 21-наурыз күні мектеп ауласында Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойы тойланды. Үлкен ағаш үй құрылып, тойдың сценарийі жасақталды. Сценарий бойынша мұғалімдерді 10 топқа бөліп, әр топқа әртүрлі өнер түрлері (Маңгыстау ғашықтары, «жар-жар», түркі тілдес халықтарының наурыз тойы, заманауи әндер, ұлттық салт-дәстүр, ретро әндер, ұлттық би, Амал мерекесі, т.б.) жеребе бойынша тапсырылды. Тойға ҚБҮО (қалалық білім үйлестіру орталығынан), Рахат әкімшілігінен, «Мұнайшы» мәдениет үйінен, қалалық «Жастар» орталығынан қонақтар шақыртылды. Қазылар алқасына осы қонақтар арасынан тағайындалды. Сайыс ретінде өткен мерекеге әр топ мұғалімдері белсене қатысты. Атап айтар болсақ, Сатибаева Құрбанай, Тұрғанбаева Қамажай, Ильясова Алма, Тілепова Маржан, Жарылғасова Амангүл, Аманова Нұрлаш, Чараякова Айна, Байдаулетова Гүлнар, Худашева Ғалия, Ақмолдаев Азамат т.б. Мереке соңында үздік топтар І-ІІ-ІІІ орындармен марапатталып, барлық қатысушы мұғалімдерге «Алғыс хат» берілді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады». Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданында орналасқан №18 орта мектеп ұжымы ауызыбіршілікте жұмыс жасап келеді. «Бірлік бар жерде-тірлік бар». Бірлігі жарасқан мұғалімдеріміз әрқашан мектептің абыройын асқақтатып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, саналы да сапалы білім мен тәрбие беруде. Ұлағатты ұстаздарымызға ерен еңбектерінің жемістерін көреберсін деп тілеймін!
Моншақ Балжанова
музыка пәні мұғалімі