Home » Жаңалықтар » «Ал, қанекей, әжелер» сайысы өтті

«Ал, қанекей, әжелер» сайысы өтті

Жас ұрпақты ата — баба дәстүрімен тәрбиелей отырып әже тәрбиесін үлгі етіп,әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану,әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу мақсатында балабақшаның бейімді әдіскері Тегісбаева Ақшагүл және балабақшаның білікті тәрбиешісі Қансұлу Айжанқызының ұйымдастыруымен балабақшамызда «Ал, қанекей,әжелер» сайысы өтті. Сайысқа Ақоразова Сәнбике,Саркенова Баян,Аязова Алтынгүл атты әжелер қатысты.Әжелер ата-дәстүрмен өздерін таныстырып,өнерлерін көрсетті.Ұлттық тағам дайындап,тоқыма және тігін шеберліктерін көрсетті.
Ұлыс күні тағам толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Әжелер ұлттық тағам жасаса,
Қолдарынан бал тамар-деп сайысқа қатысушы ақ жаулықты әжелерімізді «Шебер әже»,»Парасатты әже» және «Өнегелі әже» номицияларымен дипломмен марапатталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.