Home » Балабақша » «Ал қанекей, әжелер!» сайысы

«Ал қанекей, әжелер!» сайысы

Жүргізуші:

Наурыз тойы-тамаша,

Наурыз тойы-жаңаша!

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса!

Наурыз тойы-салтанат,

Наурыз тойы-мархабат!

     (Музыка ойналып, балалар залға кіреді)

Оркестр мен Би: «Керуен!»

(топ қыздар)

Жүргізуші:

Құрметті де аяулы әжелер, ата-аналар, әріптестер, қонақтар!

Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Ал, қанекей, әжелер!» атты сайысына қош келдіңіздер!

(фанфар)

Жүргізуші:

Басталды міне тойымыз,

Ұнады ән мен ойымыз!

Шаттық, бақыт әкеліп,

Тойға ұлассын тойымыз!

 (фанфар)

Наурыз мерекесіне арналған сайысымызды ашудағы құттықтау сөзі №14 «Самал» МҚК балабақшасының меңгерушісі:С.У.Абуова қызына сөз беріледі:

(фанфар)

  ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ!

Жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

-дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз ду-қол шапалақпен ортамызға шақырайық!

 (фанфар)

                  Жүргізуші:

Асыл әжем, ақ әжем,

Бесігімді тербеткен!

Ауырғанда мен үшін,

Бір сүйгені дәрі әжем!

  1. «Жауқазын» тобы:-…………………………………………………………………………………………

                                                  Ортаға шақырамыз

                                                         (фанфар)

Менің әжем, ақ әжем,

Балдай тәтті жан әжем!

Қасыңда еріп жүрейін,

Шай қайнатып берейін.

  1. 06. «Алпамыс» тобы:-…………………………………………………………………………………………..

  Ортаға шақырамыз!

                                                        (фанфар)

  Жүргізуші:

Кім жеңеді сайыста үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділ — қазы алқасы атыңды ақта

Жүректерге арман мен бақыт жолда.- деп

Сайысымызға төрелік айтып, әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:

01…………………………………………………………………………………………

(фанфар)

02………………………………………………………………………………………….

(фанфар)

03………………………………………………………………………………………….

(фанфар)

 

Жүргізуші:

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі —

Таусылмайтын жыр маған!

Олай болса, әжелер бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  1. «Шаңырағым, шаттығым!» — өзін немесе отбасын таныстыру

02.«Бесік жыры!» — ән айту

03.«Шебердің қолы ортақ!»-қолөнер бұйымдарымен таныстыру

04.«Сыр сандық!» — сұрақ-жауап сайысы

05.«Ас-адамның арқауы!» — үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру

Жүргізуші:

Ал, олай болса, әжелер, бүгінгі сайысымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, бірінші кезеңімізге кезек берейік!

Әжем болса қасымда

Көтеріңкі көңілім

Алтын әжем тілекші

Немерелер өмірін.

Iкезең — «Шаңырағым, шаттығым!»

Бұл кезеңде өздеріңізді таныстырып өтесіздер

Жүргізуші

Әжелер, сіздерге үлкен рахмет!

 «Балбөбек» тобы:

 Қожахмет Томирис

 Әні: «Мен қазақтың қызымын!»

 Жүргізуші:

Анам мені тербетіп,

Өсіп кеттім ержетіп!

Сол бесігім үйімде,

Сақтаулы тұр төрімде!

II Кезең-«Бесік жыры!» 

 

Жүргізуші:

Әжелер, сіздерге үлкен рахмет!

 «Алпамыс»тобы:

Бегім Айзере

 Әні: «Асыл әжем!»

 

Жүргізуші:

Көп жасаған қария.

Ақылы теңіз дария.

Қолдарымен өнерді

Текемет, киіз, құрақ көрпе жасаған-деп

  III Кезең-«Шебердің қолы ортақ!»-

  Қолөнер бұйымдарын таныстыру

 Жүргізуші:

Әжелер, сіздерге үлкен рахмет!

 «Ақбота»тобы:

   «Бипыл!» биі (топ қыздар)

 Жүргізуші:

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі -деп

 IV Кезең-«Сыр сандық!»

(сұрақ-жауап сайысы)

« Наурыз» сөзі қандай ұғымды білдіреді?

(жаңа күн)

21-наурыз түні қалай аталады?

(Қыдыр түні)

Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам?

 (наурыз көже)

Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?

(«Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты» т.б.)

Екі адамның сөз өнерімен айтысы

  (айтыс)

 Қазақ қыздарының бас киімі

(сәукеле)

Үш дана кімдер?

  (Абай, Шоқан, Ыбырай)

Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері?

  (балаға ат қою, шілдехана, бесік тойы, сүндетке отырғызу тойы т.б.)

Үш биді ата

   (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай?

(сақинаға тас қойылмайды)

Жүргізуші:

Әжелер,сіздерге үлкен рахмет!

 «Ақбота»тобы:

  Бақытжанқызы Малика

  Әні: «Бір жұлдыз боламын мен!»

Жүргізуші:

Ұлыс күні тағам толса,

Ол жылы ақ мол болар!

Әжелер ұлттық тағам жасаса,

Қолдарынан бал тамар!-деп

 V Кезең-«Ас-адамның арқауы!»-

Үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру

      Жүргізуші:

Әжелер,сіздерге үлкен рахмет!

Әділ қазылар шешімін шешкенше

                               «Оркестр»тобы:

     Қазылар алқасы сайысты қорытындылап, әжелердің бағасын береді!

     Қорытынды: Әділқазы алқалары сөз алып, әр номинация бойынша әжелерімізді марапаттайды, жүлде тағайындайды.

«Асыл әже!»

«Өнегелі әже!»

«Сымбатты әже!»

«Шебер әже!» деген атақтар беріледі және марапатталады!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы әжелер!

Бүгінгі «Ал, қанекей, әжелер» атты сайысымызға қатысқандарыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ, береке тілейміз!

Әрқашанда аман болыңыздар!

 

Капанова Карагоз Мухамедовна,
№14 «Самал» балабақшасының II санатты тәрбиешісі
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.