Home » Жаңалықтар » АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуына орай 1 наурыз күні жаңа мереке — Алғыс айту күні болып екінші жыл тойланып келеді. Бұл мереке Қазақстан халқының қонақжайлылығы мен қайырымдылығының тағы бір дәлелі болып табылады.

Республика Президенті атап өткендей:

«Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, махаббат пен достық көрсететін жарқын мерекесі болуы мүмкін».

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қауымдастығы да Алғыс айту күнін мерекелеу барысында қалада көптеген іс-шаралар өткізді. Бұл күні біз шын мәнінде көмек пен қолдау қажет ететіндерге алғысымызды білдіріп, көмегімізді көрсеттік.

«Жаныңда жүрсін жақсы адам»

Биыл қар түсімінің жылдағыға қарағанда молдығы байқалып,  коммуналдық қызметтер қар тазалаумен әрең дегенде күресіп жатыр. Сондықтан біз өз көмегімізді ұсына отырып, әлеуметтік маңызды нысандардың ауласын тазалау науқанын ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық.

Мектеп директорының бастауымен қызметкерлер мен мектеп оқушылары Облыстық қан тапсыру орталығына екі қолға күректер мен басқа да құралдарын алып, орталықтың ауласын соңғы күндердегі жауыннан жиналған қарды тазалау үшін барып қайтты. Орталық басшылығы хабарлағандай, мекеменің штаттық кестесінде аула сыпырушы қызметі қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ еңбек күші жеткіліксіз және де ауланы қардан тазалауға үлгермеуде. Бір сағат ішінде Зияткерлік мектебінің ұжымы Орталықтың ауласын тазалап, осылайша дер кезінде көмек көрсетіп және адам өмірін құтқарғандары үшін алғыстарын білдірді. Ақтөбе қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан Орталыққа алғыс хат табысталды.

Сонымен қатар Зияткерлік мектебінің басқа командалары Облыстық перинаталдық орталығына, МКК «Балалар қалалық клиникалық ауруханасына», МКК «Облыстық балалар ауруханасына», Қалалық клиникалық-диагностикалық емханаға, КДП №4 және Ақтөбе қ. кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жиналған қардан аулаларды тазарту жұмыстарын жүргізді.

«Таза аула»

Мереке құрметіне, біздің команда үлкендерімізге де құрметтерін көрсетіп, жалғыз тұратын ата-әжелерімізге қонақ болып, үйлеріне күнделікті қажетті  көмек түрлерін жасап,  кейде жай ғана шәй үстінде «Қалыңыз қалай?» деген әңгімені қажет еткен  ақсақалдарымызға алғыстарын білдірді. Түрлі себептермен жалғызбасты атанған зейнеткерлерге мектеп қоғамдастығы көмек көрсетіп, сый-сияпат сыйлады. Бұл зейнеткерлердің біреуінің балалары мен немерелері шет елдерді немесе басқа қалаларды мекен етсе, біреулерінің туыстары көмек көрсетуді шеткері қалдырған. Үй шаруасына қолғабыс ету мен жылы әңгімелер қарттарға тек жағымды көңіл-күй сыйлап, оқушылар мен мұғалімдерге алғысын айтып, денсаулық, сәттілік және бейбітшілік тіледі.

«Мектебіме алғысым шексіз»

Сондай-ақ біздің дарынды да білімді оқушыларымыз бұрын оқыған мектептеріне де алғыстарын білдірді.  Оқушылар осы күнге дейін барлық білім мен дағдыларды қалыптастырып, білімдерінің негізін қалаған ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектептерін аралап, сабақтар да жүргізді.

«Алғыс айтам саған»

2016 жылы Алғыс айту күнінің алғашқы мерекесі қарсаңында Елбасы былай деген еді: «өмірде  ізгі іс, жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтару, өзара сыйластық таныту аса маңызды. Егер реніш туындап, көңілді түсіретін сөздер айтсаңыз,  осы күні сіз кешірім сұрай аласыз. Бүгін таңертең мен әріптестерімнен кешірім сұрадым. Егер жұмыс бабымен ренжітіп не ұрысып алсам. (…) Сондықтан бүгіннен бастап отбасында, жастар арасында, ұжымда кешірім сұраудың мәні зор».

Ризашылық күні — бұл, бәлкім, барлық адамдар үшін күнделікті күйбең тіршілікте ұмытып кеткен «кешірімі» бен «рақметін» тағы бір айтуға мүмкіндік беретін күн. Сондықтан алғыс айту мерекесін пайдалана отырып, біз әр адамның қоңырау шала отырып, өз жақындарынан кешірім сұрап не жасаған жақсылықтары үшін алғыс білдіруін қалаймыз. «Алғыс айтам саған» акциясы «MEGA Aktobe» сауда орталығында және қаланың автобус аялдамаларында біздің оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің қала тұрғындарын жақындарына қоңырау шалу арқылы алғыс айтуына шақыруымен өтті. Тұрғындар достары мен туыстарына, әріптестері мен жақындарына, мұғалімдері мен Зияткерлік мектеп оқушыларына, Қазақстан халқына және Елбасына ашық аспан астындағы бейбіт әрі бақытты ғұмыр кешіп жатқандықтары үшін алғысын жаудырды.

Алғыс айту күнінің аталмыш акцияларына Ақтөбе қ. Зияткерлік мектептің 178 оқушысы мен 70-тен астам мұғалімі белсенді қатысым жасады. Сол себепті мектеп қауымдастығына акциялардың өткізілуіне қолдау көрсетіп және ниеттестік танытқандықтары үшін шексіз алғыс білдіреміз!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.