Home » Жаңалықтар » Алғашқы қоңырау соғылды

Алғашқы қоңырау соғылды

Еліміздің барлық елді мекендеріндегі сияқты Алматы қаласы Жетісу ауданы 102 ЖББМ білім ұясында алғашқы қоңырау салтанаты болып, білім күнінің алғашқы сабағы өтті…

 

 

 

 

 

 

 

Мектебіміздің директоры «ҚР Білім беру үздігі»   құрметті ұстаз Кержикеева Данагүл Рысбайқызы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп  бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталаларын айтып өтті.  Мектебіміз үшін өткен 2017-2018 оқу жыл табысты жыл болды, мектеп түлектері ҰБТ сынақтарынан сүрінбей өтіп, 13 түлек ЖОО студенті атанды. Солардың ішінде 9 мемлекеттік грант иегерлері болды.

Бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары: Білім беру ісінің ардагері, п.ғ.к. профессор Найманбаева К.К., Жетілдіру- жақсарту бөлімінің бас маманы Абдыкадыров А.Г. және филология ғылымдары кандидаты Чойкиева Р.С.  жаңа оқу жылында баршаға  жаңа жетістіктер мен белестерді бағындыруды тіледі.

Шара барысында мектеп директоры биылғы  ҰБТ-да пән бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздарға   Алғыс хаттар тапсырды.   11-сынып түлектері 1- сынып бүлдіршіндеріне жақсы тілектермен естелік сыйлықтарын табыстады. Бүлдіршіндер өз арнауларын өлең шумақтарымен жеткізді.

Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін!  Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын !

Салтанатты жиын алғашқы қоңырау сыңғырымен аяқталды. Қоңырау соғылған соң 1 сынып оқушылары өз сыныптарына кріп, білім күнінің сабағына қатысты.

 

Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.