Арызқұлова Айдана Абдуллақызы,
Қызылорда облысы,
Қызылорда қаласы білім бөлімінің
«Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы КМҚК
бейнелеу өнері маманы
Тобы: «Ботақан» ортанғы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызметі: Сурет салу
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту. Әртүрлі құралдарды пайдаланып, үйлесімділік сезімін дамыту.Дәстүрден тыс сурет салу әдістері арқылы балалардың сурет салуға деген қызығушылығын дамыту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, дәстүрден тыс сурет салу әдістері – боялған тұзбен, мақтаман, ермексазбер сурет салу әдісі
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал — жабдықтар: тосын сый қорабы, бәйшешек гүлі, мақта, жасыл түсті тұз, желім, ермек саз, ақ қағаз, қарындаштар, қол сүрткіш, тақырыпқа сай суреттер.
Барысы:
Балалар мен сәлемдеседі.
Педагог: Балалар көңіл – күйлерің қалай?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
Ғажайып сәт: (әуен ойнайды) Топ ішіне қорап ұстаған Көктем аруы кіреді
Көктем аруымен балалар мен педагог сәлемдесіді.
Көктем аруы: Сәлеметсіңдерме балалар! Мына «Тосын сый» қорабының ішінде сендерге сыйлық бар. Бір – ақ сыйлықты алу үшін қораптың құлпын ашып ішіндегі тапсырманы орындауларың керек. Егерде барлығын дұрыс жасасаңдар сендер сыйлыққа ие боласыңдар.
Осы қорапшаны сендерге сыйлау үшін арнайы келдім. Сау болыңдар!
Педагог: Ал балалар мына құлыпты қалай ашамыз? Қалай ашсақ болады екен?(педагогтың қолы қорапшаға тиіп кеткенде, құлыптың суреті өше бастайды) Балалар қараңдаршы, мен қалай құлыпты ашу керек екенін тапқан сияқтымын. Қанекей барлығымыз бірге құлыпты тездетіп ашайық.
Саусақ жаттығуы:Қорапшаның сыртын сипау арқылы құлыпты ашады.
Педагог: Жарайсыңдар балалар! (қорапты ашады)
Балалар қорапта тапсырма бар екен тездетіп тапсырманы орындап тастайық. Дидактикалық ойын: «Бәйшешек алаңы»
Шарты:Ол үшін мен мына бағыттағыш белгіні айналдырамын, ұзын бағыттағыш белгі кімге қарап тоқтасы сол бала қысқа бағыттағыш белгі көрсетіп тұрған есептің жауабын табу керек . (пішіндердің астынан бәйшешек гүлдері шығады)
Педагог:Балалар ойын сендерге ұнады ма?
Тосын сый қорабының құпиялары таусылар емес. Енді бізге сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдаланып бәйшешектің суретін салып беруді тапсырды. Қанекей балалар мен сендерге қалай бәйшешектің суретін салу керек екен үйретейін.
Бәйшешектің суретін салу кезеңдері:
-Алдымен ақ парақты тігінен қоясың, ортаңғы бөлігінен төмен қарай екі түзу сызық сызамыз(сабағы);
-Сабағының үстінгі бөлігіне үш нүкте қоямыз, бір – бірлеп доғал сызықтармен култе жапырақтарын саламыз;
-Енді доғал сызықтардың көмегімен жапырағын саламыз, жерді жарты сопақшаның көмегімен саламыз;
-Күлте жапрақшаларына желімді жағу арқылы мақтаны жапсырамыз;
-Сабағы мен жапырақтарын желім жағу арқылы тұзды жапсырамыз;
-Жерді ермексазды жағу арқылы жапсырамыз.
Балалар ата-аналарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Педагог: жарайсыңдар балалар сендер Көктем аруы тапсырған барлық тапсырманы орындадыңдар. Енді қандай сыйлық дайындағанын көрейік.(Тапсырманың астындағы қорапшаны ашады.Ішінен бәйшешек гүлдерін балаларға таратып береді)
Бағалау: Балалар қанекей біз тағы ойын ойнап жіберейікші, мен сендерге сұрақ қоям, сендер я деп жауап бергілерің келсе қолдарыңдағы гүлдерді жоғары көтересіңде, ал жоқ деп жауап бергілерің келсе гүлдерді төмен қаратасыңдар.
— Балалар Көктем аруының «Тосын сый» қорабы сендерге ұнады ма?
— Көктем аруының тапсырмалары ұнадыма?
— Бәйшешектің суретін әртүрлы әдістермен салған сендерге ұнадыма?
— Көктем аруының сендерге берген сыйлығы ұнадыма?
Күтілетін нәтижесі:
Қайталай алады: Сурет салу кезеңдерін педагог көрсетуі бойынша қайталап сала алады.
Түсінеді: Ойынның шартын түсінеді.
Қолданады: Құралдарды ретімен ұқыпты қолданады.
Бейнелеу өнері маманы: А.Арызқұлова