Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: Мамандығым дәрігер
Мақсаты: 1. Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру.
2. Ойын барысында қарапайым сөйлем құрап, оны түсініп, қайталай білуге үйрету.
3. Дәрігердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.
Көрнекіліктер: Дәрігерлер суреттері, дәрігерге қажетті құралдар, қуыршақ Айша, үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастырушылық қозғаушылық.
Балалар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне тілектер айтады.
Үлкнге сіз,
Кішіге де сіз.
Бар әлемді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Ұйымдастырушылық ізденушілік.
1. Әңгіме жүргізу.
-Ауырғанда дәрі беретін, емдейтін апайлар мен ағайларды дәрігерлер деп атаймыз.
Мамандықтар әр түрлі болады.
Дәрігер: ауырып, сырқаттанып қалған адамдарды емдейді.
Жүргізуші: көлік жүргізеді .
Мұғалім: балаларға білім береді.
Білім таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба, – деп Абай атамыз бекер айтпаған.
Мамандық иесі болу үшін көп оқып білімді болуы керек.
2. Ғажайып сәт:
Қуыршақ Айшаның тамағы ауырып, сендерден көмек сұрай келіпті.
Бізде бір қорап бар еді сол қорапты тауып алайық балалар.
Міне, міне мен қорапты тауып алдым.
Балалар қораптың ішінде не бар екенін ашып қарайық. Қораптың ішінде дәрігерлер науқастанған адамдарды емдеуге арналған арналған құралдар бар екен.
Мына құралмен Айшаның өкпесін тыңдайық.
Ал, мына құралмен дене қызуын өлшейміз.
Балалар Айшаның ыстығы көтеріліп тұр.
Енді не істейміз?
Сергіту сәті.
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың.
Қиналғанда қасына,
Бірінші боп барамын.
Ендеше дене қызуын түсіретін мына дәріні Айшаға берейік. Қуыршақ Айшаны төсекке жылылап көрпемен жауып жатқызып қояйық, ұйықтасын.
Біз науқастанып қалсақ дәрігерлерді үйімізге шақырамыз, сонда олар қандай көлікпен келеді?
Дұрыс айтасыңдар олар жедел жәрдеммен тез арада жетіп келеді.
Кел балалар ойнайық.
Мазмұнды — рөлді ойын: «Дәрігер».
Тәрбиеші балаларға балабақшадағы дәрігерлерге арналған ойыншық құралдарды береді.
Олар ойыншықтармен қызыға ойнайды.
Рефлекстік түзетушілік.
Дәрігер мамандығы туралы ұмытып қалмау үшін бір қайталап өтейік.
Сұрақтар қойылады:
Дәрігер не істейді?
Науқастансақ кімге барып емделеміз?
Олар қандай көлікпен жүреді?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Дәрігер мамандығы туралы біледі.
Игереді: Дәрігер мамандығында ұқыптылықты, жауапкершілігі мол екендігін.
Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап беруді.
Альфия Зейнуллаева,
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы