Home » Айтарым бар » Альтенова Гульмира. Құттықтау тілек

Альтенова Гульмира. Құттықтау тілек

Тамара апай !!!!!  Сізді туған күніңізбен  шын жүректен құттықтаймын, ойлаған армандарыңызға  жетуіңізге тілектеспін. Сізді  тек биіктерден көрейік.  Шаңырағыңызға  құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңызға  амандық, денiңізге — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманыңыз  — асқақ, шығар биігіңіз  асқаралы болсын!
Әрдайым құшағыңыз  — гүлге, қадамыңыз  нұрға тола берсін!   Бақытты өмір сүруіңізге шын жүректен тiлеймін!
Өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты ана  және де айнымас адал дос.  Алдағы өмірде де абыройыңыз  артып, еңбегіңіз  жана берсін! Ұл-қыздарыңыздың  туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше беріңіз

Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!

Алладан амандық!
Зор денсаулық!

Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер
тілеймін!

 

 

 

Альтенова Гульмира Абдигаппаровна,
Сарыағаш ауданы Ақжар елді мекені,
№28 Абылай хан жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.