- Үш әріптен құралған ана сөзі
Даналықтың болары анық бұлақ көзі,
Сол бұлақтан нәр алған әрбір пенде,
Нұр шашырап тұрады жүздерінде.
2.Анам менің анашым, жан анашым,
Бұл өмірге келіп кеткен бір дарасың.
Іңгәләп жарып шыққан он біріміз,
Алтын құрсақ бір өзіңсің, сен дара шың.
3.Отырып әр кезіңде-ақыл айтып,
Таң болсын, кеште болсын, мейлі кеш тым.
Сөздерің ескерткіш боп мен үшін,
Жүрегіме жақын тарттым, сақтадым.
4.Қош болыңдар дегендей соң барғанда,
Білмедім ғой кезің келіп қалғанында.
Аналап қалды артыңда он бір ботаң,
Қиып сен қалай кеттің қас қағымда.
5.Екі күн жаттыңдағы салмақ салмай,
Бауырыңа басшы мені жатып қалмай.
Тұршы орныңнан-тұршы анашым, жан анашым!
Өтінем көзіңді ашшы, қалма оянбай.
6.Сол күннен-ақ орның толмас мұң болдың,
Жылдамдата өтті-кезең жыл толды.
Сағынып мен өзіңді жүрмін іздеп,
Сағындырған сағым жұлдыз сен болдың.
7.Дейтінсің анамды алда, ботамды алма!
Тілегің қабыл болды амал барма,
Түн болса ұйықтап жатып армандап,
Таң атса сізді келер деп ойлана.
8.Қиналғанда демеу болып бердің ем,
Өзің барда болмадым мен ешбір кем.
Өзіңменен байлығы мол мен пенде,
Өзіңізсіз жетпей жүр-ау ауа, дем.
9.Сағындым жан анашым, жаным анам
Бұйырып бір жапырақ аппақ матаң,
Шын өмірде жолыңыз болып ашық
Қош болшы, ақ анашым, жан анашым.
10.Қайтейін ақ өлімге амал бар ма?
Ажалдан алып қалар шара бар ма.
Білейік бауырлар-ау, қолда бардың,
Қадірле, бағалап біл қарап жатпа.
11.Тынбадың дала кезіп балаң үшін
Шаршамай, бойға жинап барлық күшін
Ес болып ұлың-қызың есейгенше
Ұйқысыз өткізген- ау күнін, түнін.
12.Жан анам, мұны қалай ұмытайын,
Ойладың ғой аш етпей, тоқ қылайын.
Кигізбей бір мезетте жамау көйлек
Ішіме сақтап қалай мен шыдайын.
13.Иіскеп, мауқымды бір баспадым,
Мәңгілік жүрердей боп бір саспадым,
Анашым-ау, білмедім мен жастықпенен,
Өмірдің өтетінін қас-қағым.
15.Бойымда арманым бар жетелеген,
Иіскеп, құшақтап еркелесем.
Бірақ та бұл армандар орындалмас,
Елес қой әр күн сайын себелеген.
Кунбалаева Гулсана
«№7 білім беру орта мектебі» КММ
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Атамекен селосы