Home » Мақалалар » «Алтын қақпа» викториналық ойыны

«Алтын қақпа» викториналық ойыны

 

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

 «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 бастауыш сынып мұғалімі

Байкенжина А.С.

Тақырыбы:  «Алтын қақпа» викториналық  ойыны

Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Алтын қақпа, күміс қақпа, тас қақпа, алтын сандық, арнайы дайындалған сұрақтар.
«Алтын қақпа» викториналық  ойынының жүргізілу барысы:

Әрбір мемлекеттің болашағы  мектебінде шыңдалады .Ертен осы елге ие болатын тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердіңбүгінгі жайы,даму бағыты мемлекеттің назарында .Сапалы білім,саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса,өз елінің білімді,өнегелі азаматы болу әр оқушының міндеті.

Білім аққан сел дейді

Бірақ оңай келмейді

Ала білсең білім көп

Ақыл ойға кен дейді

Әрқашанда білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген

Сәлем бердік өрендерге талапкер

Дос көңілден,адал ,аппақ ниетпен-дей келе.Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.Сонымен қатар сайыскерлеріміздің білім деңгейлерін тексеріп,әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

Әділ қазылар алқасы:

1.____________________________________________________

2.____________________________________________________

3.____________________________________________________

Сайыс шартымен таныстыру

Ой өрісті дамытуда бір елі.

«Алтын қақпа» сұрақ- жауап мекені.

«Алтын қақпа» викториналық сұрақ- жауап танымдық ойын сайысына ат салысуға шақырамыз.

Ойын шарты:Ойынға қатысушылар 3 топқа бөлінген.

«Алғырлар» тобы

«Тапқырлар» тобы

«Білгіштер» тобы

Ойын 3 кезеңнен тұрады,әр кезеңнің 5 тапсырмасы бар.Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы:

« Логикалық сұрақ », «Мақал –мәтелдер ».

1-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Тас қақпа» ашылады

2-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Күміс қақпа» ашылады

3-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе « Алтын қақпа» ашылады

«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.
Ал енді, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынымызды бастаймыз.
«Тас қақпа»  сұрақтары :
1. Логикалық есептер.
— Қандай сағат күніне екі рет айналады?
(Тоқтап тұрған сағат).
2.Өсімдік неден көбейеді?
(тұқымнан)
3.Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?
(Жоқ, арасында түн бар).

4.Ауылдан қалаға дейін бір бала 2 сағат жүрген. Ал 5 бала қанша жүреді? (2 сағат)

  1. 5 пен 15 арасында қанша сан бар? Жазып көрсетші (9 сан)

(«Тас қақпа» ашылады)

«Күміс қақпа»  сұрақтары
Логикалық есептер.

1.Төрт  түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды?  (4 қалады түйе кұс ұшпайды)

  1. « Әдептілік» сөзінен сөз құраңдар

Әдеп,тіл,тілек,тілік,ептік,ілік,іл,әдет.

  1. Жеті қазынаны ата?
    Жеті қазына — Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат,
    қыран бүркіт, берен мылтық .
    4Тіркесін табу:
    Тіл тас жарады…
    (Тас жармаса, бас бас жарады).

5.Ерді намыс өлтіреді…
(Қоянды қамыс өлтіреді).

(«Күміс қақпа» ашылады)
Сергіту сәті

«Алтын қақпа»  сұрақтары:

1.Мюнстенберг әдістемесі
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдпжыл
(ағаш, шырша, дарын, отан, оқу, нәтиже, жел, жыл)
2.Абай Құнанбаевтың туған  жері? (Семей)

  1. Жазылмай қалған сандарды тап.
    16,…., 18, 19,…., 21, 22 (17, 20)
    4.Артық өлшем бірлікті алып таста.
    2м, 3см, 4мм, 5 кг, 8дм, 6км (5 кг)

5.Үшбұрыш дегеніміз не? (бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп кесіндімен қосамыз)
(«Алтын қақпа» ашылды).
Ал енді көмбедегі «Алтын сандықты» ашуға дайынбыз ба?
1. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқты – Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аспанда тіреу жоқ,
Жерде өлшеу жоқ,
Аллада бауыр жоқ.
2. Қазыбек би:
Не қымбат?
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт берекең — атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.

3.Отан туралы 4 мақал айту.
1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
3. «Отан оттан да ыстық»
4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»

( «Алтын сандық» ашылды).
Көмбеге де жетіп, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын орындадық.

Кідіріс
Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.

-Қазақ хандығының 2015 жылы  неше жылдығын атап өттік?

— Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады?
-Ұлы жеңіске неше жыл?

— Мемлекеттік тіліміз?

— Қазақ халқының атақты үш биін ата

— Абай Құнанбаев қашан қай жерде дүниеге келген?

Ән « Алға, Қазақстан! »

Би «Үнді биі»

Ендеше, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Марапаттау
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Білдім деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.