Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге бізге нұр
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша — «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
«Бұлбұл» тобымыздың бүлдіршіндерің ортамызға шақырайық
Хор:Алтын күз
Жүргізуші: Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар көптен күткен күз мезгілі де келіп жетті.Күз мезгілінде ауа-райыда күрт ауып,бәріміз жылы-киім киеміз.Жемістер мен көкөністердің де бәрі пісіп,молшылық болатын кез.Балалар біз алманы білемізбе?Бәрімізде алманы жақсы көроеміз.Ендеше бүгін бәріміз бірге «Алма» ертегісін тамашалайық.
(осы кезде есік қағылып Күз ханшайымы кіреді)
Жүргізуші:Ой балар бізге қонақ келе жатқан сияқты ғой.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіңдерме балалар!
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар
Жүргізуші:Қош келдіңіз күз ханшайымы. Бізбен бізге «Алма» ертегісін тамашалаңыз
Жүргізуші:Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек
ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Қоян секіріп алманы ала алмайды.
Қоян:Балалар маған көмектесіңдерші. Ол үшін қоян сияқты секіріп алманы алып беріңдерші.
Жүргізуші:Қоян сен мұнайма. Біздің ұлдарымыз сенің көңіліңді көтеріп, алманы алуға көмектеседі.
Би:Қояндар
Жүргізуші: Алма ағашының қасында томарда отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды.
Қарға:– Қарқ-қарқ!
Жүргізуші: Оны көрген қоян:
Қоян:– Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! – дейді.
Жүргізуші: Балалар қарға алманы алып берем дегенше тақпақтарымызды айтып берейікші.
Тақпақтар
Юсуб: Сырты қандай қатты
Дәні сондай тәтті
Шағып қарап таңдай
Оны аты жаңғақ
Нұрәділ:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Айлин:
Күз келді,күз келді
Бүгін мейрам,алақай!
Көңілді әніміз
Шырқайық бәріміз
Диана:
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзең бірдей жүзі
Оны аты жүзім
Жүргізуші: Қарға тұмсығың созып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
Қоян: Рақмет, саған, Қарға!
Жүргізуші:Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді.
Қоян:– Бұл қалай?(қоян қорқып кетеді)
Жүргізуші: Ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің үстіне құлап түскенің біледі.Кірпі жорғалай жөңеледі
Қоян:– Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! – деп айғайлады. – Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?
Кірпі:Бұл – менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым.
Қоян:Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен!
Жүргізуші:Балалар қоян мен кірпіні татуластыру үшін бір би билеп берейікші.
Би:Кірпілер
Жүргізуші:Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады.
Қарға:Босқа таласпаңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік-шынын араластыра.
Жүргізуші:Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман айғайдан у-шу болады.
Жүргізуші:Балалар міне шуды тоқтату үшін біз көңілді ән салып берейік
Ән:Жау жаңбыр
Жүргізуші:Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады.
Аю:Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап
Жүргізуші:Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондықтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? – деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды.
Аю сәл ойланып, тұрады
Жүргіуші:Балалар Аю ойланып төрелігін айтам дегенше қыздардың «Қолшатыр» биін тамашалайық
Би:Қолшатыр
Аю: Алманы кім тапты?
Қоян: Мен! – деді
Аю: Ал, алманы кім үзіп алды?
Қарға:Мен! – деп қарқ етті
Аю: Жақсы. Кім оны ұстап алды?
Кірпі:Мен ұстап алдым! – деді
Жүргізуші:Аңдар келісіп алам дегенше «Алмалар»биін билейік
Би:Алмалар
Аю: Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі!
Кірпі, Қоян,Қарға :Мұнда бір алма ғой! – деді түк түсінбей.
Аю:Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! – деді
Жүргізуші: Мұны естіп бәрі қуанып кетті:
Кірпі: Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой!
Жүргізуші:Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп:
Кірпі:Бұл саған, Қоян – сен алманы бірінші көрдің!
Кірпі:Бұл саған, Қарға – сен алманы үзіп алдың!
Жүргізуші:Үшінші бөлігін Кірпі аузына салып
Кірпі:Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған – мен!
Кірпі:Бұл саған, Аю!
Аю: Маған, не үшін?
Кірпі:Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! – деді ол, риза кейіппен.
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Әрқайсысы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді.
« Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,апайлар қонақтар,бүгін Бұлбұл тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі астықты болсын демекпіз.
Берекелі бақ дәулет
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар
Күз келгенше айналып
Қош сау болыңыздар!
Төлеш Сандуғаш Қойшықарақызы,
Түркістан облысы
Түркістан қаласы
«Болашақ»ясли-бақшасы
Тәрбиеші