«Балауса» ІІ-кіші тобына арналған мерекелік ертеңгілік
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Әдемі музыка әуені орындалады. Ортаға балалар тәрбиешімен бірге келеді. Залдың оң жақ шетінде күзгі жапырақтарымен безендірілген үйшік тұрады. Жерде сары, жасыл, қызыл түсті жапырақтар шашылып жатыр.
Тәрбиеші:— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар және қонақтар! Молшылыққа толы, берекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын! «Балауса» ІІ-кіші тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы күз мезгілі даланы қандай әдемі етіп безендірген. Ағаштағы жапырақтар сап-сары, егін алқаптары астыққа толып тұр, бау-бақшада жеміс-жидектер, көкөністер пісіп жатыр. Күз мезгілі қаншама көп жұмыс атқарған.
Тәрбиеші:— Балалар, мынау тұрған кімнің үйі екен? Мүмкін бұл Күз Аруының үйі шығар? Қанекей есігін қағып тарсылдатайық.
Есікті қағып тарсылдатады, ешкім жауап бермейді.
Тәрбиеші: -Балалар Күз Аруы шаршап ұйықтап қалған сияқты, біз ән айтып көрейік, мүмкін күзді оятып алармыз. Олай болса шеңбер жасап «Күзгі вальс» әнін орындайық.
Ән. «Күзгі вальс»
Балалар әнді шеңбер бойында тұрып орындайды. Әннен кейін орындарына барып отырады.
Тәрбиеші: — Балалар енді Күз Аруын қалай оятамыз?
Осы кезде ортаға тиын (қыз) шығады.
Тиын:-Күз Аруын біз оятамыз!
Тәрбиеші:- Тиындар сендер Күз Аруын қалай оятасыңдар?
Тиын:- Біз тақпақ айтамыз. Би-билейміз.
Тақпақтар:
Б.Азамат:
Күз келіпті дегенше,
Жеміс пісті дегейсің
Бағымызда ендеше
Алма теру көбейсін.
Жансая:
Күзім ,күзім ,күзім
Пісті алма жүзім
Тұрғанда бәрін күз беріп
Кел ойнайық біз теріп.
Би: «Тиындар»
Тәрбиеші:— Балалар Күз Аруымыз әлі оянған жоқ, енді не істейміз күз мерекесін қалай жалғастырамыз?
Ортаға саңырауқұлақтар шығады.
Тәрбиеші:— Саңырауқұлақтар сендер Күз Аруын қалай оятасыңдар?
Саңырауқұлақтар:— Біз күзге тақпақтар айтамыз, би-билеп береміз.
Тақпақтар:
У. Азамат:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Х.Раяна:
Ән салайық күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық.
Би: «Көңілді саңырауқұлақтар»
Тәрбиеші:— Балалар Күз Аруы әліде оянған жоқ, мүмкін бәріміз дауыстап шақырамыз?
Балалар:— Күз Аруы оян, Күз Аруы оян!!!
Әдемі музыка әуенімен Күз Аруы оянып үйден шығады.
Күз Аруы: — Амансыңдар ма, балалар! Сәлеметсіздер ме, ата-аналар! Мен қатты шаршап ұйықтап қалыппын, кешіріңдерші мені! Мен сендерге көңілді ойындар дайындап қойдым.
Үйінен себетке салынған шишкалармен саңырауқұлақтар алып шығады.
Күз Аруы:- Балалар мына себетте шыршаның бүрлері мен саңырауқұлақтар бар, бірақ олар араласып кетіпті. Ал, қазір сендерге тапсырма шыршаның бүрлерін қыздар жинайды, саңырауқұлақтарды ұл балалар жинап алады.
Ойын: «Кім жылдам»
Ойын екі топқа бөлініп ойнайды.
Тәрбиеші.— Күз Аруы, балалар сізге арнап өз тақпақтарын айтып береді, қабылалыңыз.
Аяжан:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Арон:
Жемісі мол беретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін ,
Жомарт екен күз деген
Еркебұлан:
Нарттай қызыл алмамын
Мәз болады алғандар
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем.
Күз Аруы:- Қандай керемет балалар, тақпақтарын жақсы айтады екен.
Тәрбиеші:— Күз Аруы енді біздің балалардың орындауында «Күз» әнін қабыл алыңыз.
Жансая: Ән: «Жау жаңбыр»
Күтпеген жерден Дымбілмес кіріп келеді. Балалар , өзі әдемі киінген ,қолына себет ұстайтын қызды іздеп жүр едім,осы жақтан көріп қалдым .
Мен әдемі қызға тағыда себет алып келіп ем .
Күз аруы: Рахмет ,саған !Сенің есімің кім болады?
-Дымбілмеспін!Мен еш нарсе білмеймін, үстімдегі киімдерімді жуып таза ұстауды да білмеймін.
Тәрбиеші: Ендеше сен балалардан киімді қалай жууды үйрен.
Би: «Стирка
Тақпақтар:
Қуаныш:
Шешемін мен шешемін
Піскенше тон киемін,
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Райым:
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзсең бірден жүзім
Оның аты жүзім
Інжу:
Алтын алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жа
Ақ бидайды оратын
Алақай –ау күн жақын
Күз Аруы:-Балалар енді ата-аналармен ойын ойнамыз. Ойынның аты «Жасырын суреттегі мақал-мәтелдер» деп аталады.
Ойын: «Жасырын суреттегі мақал-мәтелдер»
Ойынның шарты:Қарама –қарсы суреттегі бейнелерге мақалдар құрастыру.
Ойынды Тәрбиеші жүргізеді.
Ойыннан кейін төрде қолшатырдың астында себетке салынған алмалар тұрады, балаларға арналған тосын сыйлық.
Тәрбиеші:- Балалар мына қолшатырға қараңдар, қандай үлкен. Оның астында не бар екен көрейік.
Тәрбиеші қолшатырды алған кезде себетке салынған аламалар тұрады.
Тәрбиеші:— Қандай керемет себет тола алмалар ғой!!!
Күз Аруы:- Бұл балаларыма арнаған берекелі жомарт күздің сыйлығы. Бұл алмалардың бойында көп дәрумендері бар. Осы алмадай тәтті болып, денсаулықтарың мықты болсын.
Себетті тәрбиешіге ұсынады.
Тәрбиеші:- Балалар Күз Аруына рахмет айтайық
Балалар:- Р А Х М Е Т!!!
Тәрбиеші:— Балалар Күз Арудың сыйлығына арнап «Алтын күз » әнін шырқап берейік.
Назерке: Ән: «Алтын күз »
Күз Аруы:- Балалар сендерге үлкен рахмет, өте көңілді, өте өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер. Бүгінше сендермен қоштасамын, ал келесі жылы тағыда кездесеміз. Сау болыңдар!!!
Балалар:— Сау болыңыз Күз Аруы!!! Күз Аруы шығып кетеді.
Тәрбиеші:
— Күзгі бақтағы қонақтар,
Айналайын балалар.
Мерекеміз бүгінгі,
Естен кетпес күн болар- деп бүгінгі мерекемізді аяқтап, келген ата-аналарымызға рахмет айтайық. Сау болыңыздар!!!
Түркістан облысы
Түркістан қаласы
«Болашақ»ясли-бақшасы
Пернебайқызы Ақмарал
Тәрбиеші