Жүргізуші: Құрметті қонақтар қош келдіңіздер! Бүгін сіздер «Қарлығаш»
ортаңғы тобының «Алтын күз» атты ертеңгілін тамашалауға келдіңіздер! Біздің бүлдіршіндерге қошемет көрсетіп өнерлерін бірге тамашалағыздар!
Орман ішіндегі «Тауық және оның балапандары» ерте, ерте, ерте де тауық және оның балапандары қонақ күтуге дайындалыпты, балапандар қонақ балалар келгенше тыным таппай аналарын сұрақ астына ала жөнеледі екен.
Балапан: Апатай, апатай тұрыңызшы таң атты кане, балабақшадан қонақ балалар келетіні сіз күз түсіп жаңбыр жауып, жемістер пісіп, жапырақтар сарғайса келеді деп едіңізғой, әне жапырақтарда сарғайды бізге келер балалар қайда?
Анасы: Ой балапандарым балабақшадан келер балаларды асыға күттіңдерғой олар бүгін шынында келеді, сендер бірге ойнап балалармен танысасыңдар!
Балапандар: Алақай, тез кесінші.
Анасы: Балапандар егер сендер маған көмектессеңдер балалар тез жетеді, тез тез мына жерлерді жинап жіберіп балаларды күтіп алайық.
Ән: «Балапандар»
Бағбан атай: Ей, тауық мұнда қара сен қонақ күтіп отыр деп естідімғой саған келер балалар менің жинап қойған жеміс көкөністерімді алып кетіпті бірінде қалдырмай мына себетке қара мұнда ештеңеде жоқ, кане келер қонақтарың.
Анасы: Атай, ашуыңызды басыңыз қонақтар кешікті мүмкін сізден қорқып келмей жатқан шығар.
Бала кіреді сырттан.
Атай, атай сіз бізді кешіріңізші сіздің көкөніспен жемістеріңіз пісіп дәмді болып тұрған соң ескертпей қызығып алып едік, енді өкініп тұрмыз барлығын себетіңізге толтырып береміз.
Анасы: Ия атай балаларды кешіріңіз олар балағой қателіктерін түсініп кешірім сұрап тұр, және де бұл балалар жай балалар емес, «Болашақ» балабақшасынан келген өнерлі балалар!
Бағбан атай: Жарайды, мен өнерлерін көрейін егер ұнаса балаларды кешіремін.
Балалардың келуі.
Би: «Флешмоб»
Балалар: Сәлеметсіздер ме Атай, сәлеметсізбе апатай, сәлеметсіңдерме балапандар!
Анасы: Сәлеметсіңдерме балалар сендер атайдың барлық жеміс көкөністерін толтырдыңдарма?
Балалар: Иә, бізді кешіріңіз атай!
Анасы: Балалар сендер ұзақ жол жүріп шаршамадыңдарма?
Балалар: Жоқ.
Анасы: Менің балапандарымда сендерді ұзақ күтті, сендер бізде балабақшадан үйренген өнерлеріңді көрсетесіңдерме, сонда сендерді атайда кешірер еді.
Балалар: Иә, әрине.
Зере: Мен сіздерге балабақшадағы керемет әнімді айтып берейін, бірге тыңдаңыздар!
Ән: «Жау, жау жаңбыр!»
Анасы: керемет ән екен бізге қатты ұнады рахмет алтын қыз!
Жемістер: Біз тек балабақшамызда ән айтпаймыз биде билейміз, біздің де өнерімізді тамашалаңыздар!
Би: «Жемістер»
Сол жерде тұрып тақпақтар айтып өтеді.
Анасы: Рахмет, жемістер керемет менде балапандарымды бақшаға бергім кеп тұр, тамаша!
Камшат: Апатай, орманда күз мезгілінде күз ханшайымы жүреді, өзі аса сұлу, асқан ақылды деп естіп едік бірақ бұл жерден көрмей тұрмызғой, біздің күз ханшайымын көргіміз келеді.
Анасы: Иә, күз ханшайымы өте сұлу қайда жүр екен сендер өнерлісіңдер ғой ханшайымға арнап ән айтсаңдар күз ханшаймыда кеп қалар.
Хор: «Алтын күз»
Күз ханшайымы кіреді балалармен сәлемдесіп, өнерлерін тамашалайды.
Анасы: Күз ханшайымы балалар сонау алыс балабақшадан бізге арнап келіп отыр, балалар өнерлі екен бізбен бірге болыңыз.
Балалар: Жаңа жемістер өз өнерлерін көрсетті, енді біз көкөністерде өнерліміз біздің өнерді тамашалаңыздар!
Би: «Көкөністер»
Тақпақтарын айтады.
Анасы: Тамаша, өнерлерің өрге жүзсін балалар!
Мадина: Біз балабақшада тек қазақ тілінде емес, орыс ағылшын тілінде де, ән айтамыз бірге тыңдап айтайық.
Ән: «Ағылшын»
Анасы: Күз ханшайымы Бағбан атай, мен ертең барып балапандарымды балабақшаға беремін мына балалар сияқты өнерлі болсын бақшада білімді болады екенгой недег ен керемет!
Күз ханшайымы: Ия, солай жаса тауық жан, балалар керемет екен, тағы қандай өнерлері бар екен, алде мен бір ойын ойнатып жіберейін балаларға, дайынбызба балалар!
Ойын ойнатылады.
Анасы: Күз ханшайымы, ойыныңыз шынында керемет екен мына жақта қыздарымыз қолшатырмен дайын тұрғой қандай өнер көрсетеді екен көрейікші.
Би: «Қолшатыр»Тақпақтарын айтады.
Бағбан атай: Балалар, шынында өнерлі, білімді екен мына көкөністермен жемістер сендерге, мен сендерге тағыда көп көкөністермен жемістер дайындап қояйын, маған қонаққа келіңдер!
Балалар: Сау болыңыз атай!
Асылзат: Меніңде әнім бар шырқап берейін!
Ән: «Күз»
Анасы: Керемет ән екен, жарайсың балапан!
Күн күркірейді, тамшы биі кетеді.
Би: «Тамшылар»
Күз ханшайымы: Балалар келгендеріңе көп рахмет, енді маған орманға келген басқада қонақтарды күтуім керек, атайдың жемістерімен көкөністерін алуды ұмытпаңдар! Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз күз ханшайымы!
Балалар: Біздің де бақша қайтуымыз керек Апатай біз тағыда келеміз сізге көп рахмет!
Апатай: Біз бүгін керемет андер билер көрдік балапандар, сендердің де бақшаға барғыларың келеме?
Балапандар: Ия,апатай!
Апатай: Балалар бізге тағыда қонаққа келіңдер, атайдың жеміс пен көкөністерін ала қойыңдар!
Хор: «Күз жомарт» балалар кезекпен себет ішінен кезекпен жемістерін алады.
Балалар: Сау болыңыздар апатай, балапандар деп қол былғап перде артына кетеді.
Анасы: Берекелі, мерекелі алтын күзімізге үлкен рақмет айта отырып, балабақша меңгерушісі Замира Үсенқызы Батырбекова апайымызға сөз кезегін ұсынамыз.
Анасы: Құрметті, қонақтар бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, сау болыңыздар, ал, мен өз балаларымызды естелікке суретке түсуге шақырамын.
Елмұратова Гүлжайна Бақтыбайқызы,
Түркістан облысы
Түркістан қаласы
«Болашақ»ясли-бақшасы
тәрбиеші