Home » Ашық сабақтар » Алтын күз

Алтын күз

Мақсаты: Балалардың күз туралы алған білімдерін тиянақтау, күзгі табиғат өзгерістерін балалардың өз көздерімен көріп, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, сурет көріністерін әңгімелеп, айтуға, үйренген сөздерін күнделікті қолдана білуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге баулу, күз туралы өлең, тақпақ айтып, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру, тіл дамыту, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын  жетілдіру, іскерлі дағдыларына баулу арқылы еңбекке үйрету. 

Көрнекілігі: Күз көрнісі бейнеленген бейнелі сурет, көкөністер мен жемістер, күзгі бақ, қолшатыр, шашылып жатқан жапырақтар. 

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ, жауап, мадақтау, қимылды ойын, сергіту жаттығуы, қорытындылау.

Жаңа сөз: қолшатыр 

Шаттық шеңбері:

  1. 1. Ұйымдастыру, сәлемдесу.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, кәнеки бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Шеңбер бойына тұру.

— Шеңберіміз неге ұқсайды?

— Алақандарымыз арқылы, балалар, нені сезініп тұрмыз?

— Біздің жүрегіміз қай жерде?

— Бір-бірімізге жүрегімізден шыққан жақсы тілектер айтайық.

— Сендер жақсы тілектер білесіңдер ме?

—  Нанымыз көп болсын!

— Аспанымыз ашық болсын!

— Әрқашан күн сөнбесін!

— Достарымыз көп болсын!

— Бәріміз ауырмайық!

— Еліміз тыныш болсын!

— Көк туымыз биік болсын!

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз бізде қонақта неше ай болады?

— Күз айларын атайықшы?

— Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Күзде күн суыта бастайды. Адамдар жылы киімдер киеді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, аспанда бұлт пайда болып жаңбыр жауады, қатты жаңбыр жауған кезде «Қолшатыр» ұстайды. Қолшатырдың пайдасы көп, адамдардың киімдері су болмайды. Мына күз мезгілінің суретіне қарайық.

Сурет бойынша әңгімелеу.

— Жапырақтардың түсі қандай болады?

— Күз мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?

Гүлназ:  Алтын,сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күзде адамдардың еңбегі өте зор. Адамдар егін орады. Бау-бақшада жемістер мен көкөністер жинайды.

Осы кезде есік қағылады. Айгүл (қуыршақ) қонаққа келеді.

Балалар Айгүлмен сәлемдеседі.

Тәрбиеші: Мына қызыққа қараңдар, Айгүл бізге көптеген тапсырмалар әкеліпті .

— Жемістерді ата?

— Көкөністерді ата?

— Жемістердің дәмі қандай?

— Түстері қандай?

— Балалар, көкөністер мен жемістер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Аягөз:       Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Аянат:       Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

— Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар?

Қабат-қабат тоны бар,

Шешіндірсең жылатады.

(Пияз)

Жер астында басы,

Жер үстінде шашы.

(сәбіз)

Сергіту сәті:

Алтын сары,қызыл, көк, (саусақтарын санау)

Алуан-алуан жапырақ.   (қолдарын жоғары көтеріп, дөңгелек жасау)

Күзгі бақта күлімдеп          (жүздерінде күлкі)

Көз тартады атырап         (қолдарын маңдайына сүйеп, айналып қарау)

Ой алақай тамаша,             (аяғымен секіріп, қол шапалақтау)

Шашу шашты жапырақ.    (қолдарымен шашу шашу) 

Айгүлдің тапсырмасы:

— Отан деген не?

— Қалай түсінеміз?

— Отанымыз қалай аталады?

— Еліміздің басшысы, елбасымыз кім?

— Еліміздің рәміздерін ата?

— Балалар, Ту, елтаңба туралы тақпақ білесіңдер ме?

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі,

Тұнығындай көңілді,

Ортада аспан әлемі. 

Айгүлдің келесі тапсырмасы:

— Ауылыңның атын айт?

— Қай балабақшаға келесіңдер?

— Топтарыңның аты қандай?

— Дидактикалық ойын «Күн мен жаңбыр»

Жерде жатқан жапырақтарды жинау. Қазір, балалар, біз көбелектің бейнесін жапсырамыз.

  • Балалар, көбелек немен ұшады?

Көбелектің қанатын жапырақтардан жапсыру.

Әдіс тәсілдерін үйрету. 

Қорытындылау, мадақтау.

«Күз» әнімен аяқтау.

Лабакова Сара Онгаровна,

№5 «Балбөбек» балабқша тәрбиешісі,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.