Home » Мақалалар » Алтын күз

Алтын күз

         Əне-міне дегенше күз де келіп жетті. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып жерге түсіп, жер сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ. Осы жыл мезгіліне орай, «Ақсу қаласының 2-бөбектер бақшасында ересек топтары арасында «Алтын күз» ертеңгілігі өткізілді.
      Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп,  табиғат сұлулығын жақынырақ таныстыру.
Бұл ертеңгілікте балалар өз өнерлерін көрсетті: бірі əн орындаса, екінші біреулері жемістер мен көкөністер туралы тақпақтарын айтты. Ертеңгіліктің басты қонақтары — Күз ханшайымдары мерекеге сый-сияпаттарымен келді. Балаларға қызықты жұмбақтар жасырылып, танымды «Күз айлары» атты ойындар ойнатты. Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, Алтын күз мерекесі ата-аналар мен балалардың бірлесіп жасаған қолөнерлік жұмыстарының көрмесімен қорытындыланды.

 

Гульмира Жунисова,
2 бөбектер бақшасының ән-күй жетекшісі,
Аксу қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.