Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады.
Біздің мектепте «Сыбдыры сұлу, Алтын күз-2017!» мерекелік іс шара сайыс -ойын түрінде өткізілді. Мерекелік іс шара ойдағыдай деңгейде болды. Оның мақсаты- оқушыларға күз кезіндегі молшылық тек ерінбеген еңбектің арқасында келетің ұғындыру, еңбекті сүюге баулу.
Әр сынып бөлініп жарыс түрінде өтті. «Жемістер» тобы, « Көкөністер»тобы, «Гүлдер» тобы.
Бірінші кезекте әр сыныптар өздерін таныстырды. Екінші кезекте күз туралы мәнерлеп оқу сайысы болды. Үшінші «Күздің дәмі» атты ойын ойнатылды. Жеміс-жидектер мен көкөністерге байланысты жұмбақтар жарысы болды. Келесі кезекте әр сыныпта берілген тапсырма бойынша олар бір ертегіні сомдау керек болатын. Оқушылар сол тапсырмаларға да жан-жақты дайындалып, шеберлікпен ойнап шықты.
Осылайша берекелі күз балаларға өзінің дәмді жемістерін тарту етсе, балалар күзге арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мангужина Айгуль Кинжибайқызы
Ново-Урицк орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл ауылы