І Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, бүгінгі кештің қадірлі қонақтары!
ІІ Жүргізуші: Армысыздар! Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
І Жүргізуші: Табиғат -күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы төрт мезгілі табиғаты әрдайым ерекше. Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да да, адамдар күзді берекелі күз, «алтын күз» деп баға береді.
ІІ Жүргізуші:
Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған. Ата – бабаларым «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Алтын күз – 2017» мерекесімен құттықтаймыз!
І Жүргізуші:
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Алтын күз – 2017» кешін бастауға рұқсат етіңіздер!
Олай болса, бұл сынға 5, 6, 7, 8 сыныптарының оқушылары қатысқалы отыр.
ІІ Жүргізуші: Біздерде ойын — сауық басталады, Тамаша ән айтылып, би билейді. Қошеметтеп қол соғып отырайық, Ұмытармыз күні бойы шаршағанды. Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз, Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып Еріксіз өзімізге қаратамыз, – деп «Алтын күз -2017» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі күзгі балымыздың үміткерлері – ханзадалары мен ханшайымдары!
І Жүргізуші:
Ендеше, осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазы алқасымен таныстырып өтсек:
- ____________________________________________________
2.____________________________________________________
3._____________________________________________________
4.____________________________________________________
ІІ Жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Таныстыру (слайд н/е әнмен)
2. Өз өнерін көрсету(ән, би, флешмоб)
- «Үздік өлең» (қатысушы «Күз береке-бастауы» тақырыбында туындысын жолдайды)
- Ситуациялық сұрақ-жауап (сол жерде қойылған сұраққа жауап беру)
- «Үздік қолөнер» (күзгі жеміс-жидектерді пайдалану)
- 6. Сән үлгісі (күздік сән киім үлгілерін көрсету)
І Жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер, қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
- Амангелдіқызы Арайлым, Махмудов Олжас
- Оразбаева Арай, Өтехан Балуанша
- Аманжол Бекзат, Кенжебай Нұрдәулет
- Жалғасова Камшат, Отарбаев Тойлыбек
- Тілеубай Гулжанат, Қожанияз Сүннетәлі
- Қаражигитов Амандық, Оспан Ақмарал
- Садуова Лаура, Сансызбай Ырысжан
- Усенова Гулайым, Сарсенбаев Даут
- Таженова Мадина, Бексултан Жандос
- Жумабай Молдир, Бержіханов Рамазан
- Чопанова Ақтілек,Тастемір Бекзат
- Куанова Мира, Куватов Мирас
- Жарасова Инжира, Түзелбаев Сүйіндік
- Қыдырхожаева Балерке, Абат Жасулан
- Тенизбаева Айгерим, Джайлаубаев Абылай
- Реджепбай Назгүл, Тілеубаев Жандарбек
ІІ Жүргізуші: Таныстыру бөлімі.
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген жұптар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер дейміз, — дей келе, жұптарымыздың таныстыруына кезек берейік.
І Жүргізуші: Ендеше, бірінші шартымыз «Таныстыру» үміткерлеріміз өздерін таныстырады.(таныстырды, шықты)
Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. «Таныстыру» бөлімінінің бағасын берсеңіздер екен.
ІІ Жүргізуші: Өнер қуып әрбірі өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз Сайысқа келген ханзадалар мен ханшайымдар Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.
Ендеше, алдарыңызда сайымыздың 2 бөлімі бойынша «өз өнерін» көрсету болып табылады. Олай болса, қарсы алыңыздар
1 болып __________________________________________
2 болып___________________________________________
3 болып __________________________________________
4 болып __________________________________________
5 болып___________________________________________
6 болып___________________________________________
7 болып____________________________________________
8 болып ___________________________________________
9 болып____________________________________________
10 болып___________________________________________
(өз өнерлерін көрсетеді, шықты)
І Жүргізуші: «Өз өнерлерін көрсету» бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
ІІ Жүргізуші: Алтын сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Жемісті мол беретін,
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді, — демекші сайымыздың шарты бойынша «Үздік өлең» кезеңі, яғни, қатысушы «Күз – береке бастауы» тақырыбында туындысын жолдайды.
1 болып __________________________________________
2 болып___________________________________________
3 болып __________________________________________
4 болып __________________________________________
5 болып___________________________________________
6 болып___________________________________________
7 болып____________________________________________
8 болып ___________________________________________
9 болып____________________________________________
10 болып___________________________________________
І Жүргізуші: Ендеше, әділқазы алқасынан сайысымыздың 3 бөлімі бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз (көтерілді, айтылды.)
ІІЖүргізуші: Ендеше, сайысымыздың келесі 4 кезеңі «Ситуациялық сұрақ-жауап» кезеңі. Оған қатысушыларымыз сұрақты алғаннан кейін сол жерде жауап беруі тиіс. Олай болса, 1 болып __________________________________________
2 болып___________________________________________
3 болып __________________________________________
4 болып __________________________________________
5 болып___________________________________________
6 болып___________________________________________
7 болып____________________________________________
8 болып ___________________________________________
9 болып____________________________________________
10 болып___________________________________________
І Жүргізуші: Рұқсат болса! Әділқазыларымыздан сайыстың 4 кезеңі бойынша бағаларын сұраймыз!
ІІ Жүргізуші: Сайысымыздың 5 кезеңі бойынша «Үздік қолөнер». Бұл бөлімде қатысушы жұптарымыз дайындап алып келген жемістерден қолөнерін көрсетеді.
І Жүргізуші: Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген алатын. Жадырап жан сарайын, Демалып бір қалатын – дей келе, әр жұптың өзінің қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалауға шақырамыз. ІІ Жүргізуші: Әділқазы алқасынан сайыстың 5 кезеңі бойынша бағасын сұраймыз! (сұралды)
І Жүргізуші: Сонымен, сайысымыздың 6кезеңіне жұптарымыз дайын болғанша кезекті әнге береміз. Ән ________________________________
ІІ Жүргізуші: Ендеше сайыстың 6 бөліміне кезек берейік!Сайыстың 6кезеңі «Сән үлгісі». Мұнда қатысушы жұптарымыз күздік сән киім үлгілерін көрсетіп шығады (яғни Фантазия көрсетті)
І Жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділқазы алқасына сөз береміз (жеңімпаздарды марапаттады)
Бойларыңда от бар екенін байқадым, Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым. Әрқашанда осы шақты өшірмей Жалындатып шарықтаңдар әрдайым. ІІ Жүргізуші:
Осымен бүгінгі «Алтын күз – 2017» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңдар! Жеңісті күндерде кездескенше, достар!
В.Ж. Жолмухамбетова
МШЖО
№ 9 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы