Home » Балабақша » Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

  Г.Токбаева,
 Қарақия ауданы, Құрық ауылы,
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі.

 Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай безендірілген)

«Ақсұңқар» тобы бүлдіршіндері «Күзгі вальс» биімен ортаға шығады /Алтын күз (жүргізуші) бірге шығады/

 

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүлдіршіндер!

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен «Күзгі вальс» биімен «Ақсұңқар» тобы тәрбиеленушілері, қошеметтеп қояйық.

Ерінбестен еңбек етіп келетін.
Еңбекшіге бар жемісін беретін,
Мен –Алтын күз.
Ынтымақты еліме
Берекелі ырыс болып енетін.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын жауабын табасыңдар ма?

Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Үстінде егінжай
Салқын жел соғады.
Гүл, жапырақ, шөптер де
Қурап солады.
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы. /Күзде/

Жүргізуші: Иә, дұрыс, балалар, күз мезгілі.
Ендеше, «Ақсұңқар» тобы тәрбиеленушілерінің «Күз» әнін тамашалайық.

Күз әні

 

  1. Мерекелі, берекелі келді алтын күз,

Жайма шуақ күн сәулелі келді жарқын күз.

 

Қайырмасы:

Жеміс толы айнала,

Астық толды қамбаға.

Алтын күзге арналып

Айтылады әнім.

 

  1. Аралайық күзгі бақты, қандай тамаша,

Кел шырқайық күзгі вальсты биге жараса.

Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.

Ақтоты: Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.

 

Жап-жасыл тал мынау,

Сары шапан киіпті-ау.

Айнала тұнжырап,

Қабағын аспан түйіпті-ау.

Ерасыл:Күзгі ауланың талдары,
Желмен басын шайқайды.
Дәурен өтіп жаздағыі,

Бейне тентек баладай.
Аяна: Бір-біріне жер, аспан

Мейірлене қарасқан.
Төкпей-шашпай тасып дән,
Машиналар асыққан.

 Ұстаз, шәкірт жүздескен,

«Қош келіпсіз күз» дескен.

Берекелі алтын күз,

Ұмытпаймыз салтын біз.

Нұрдәулет: Ерекше күз енді,

Айнала сары ала.

Комбайын жүзеді,

Толқыған далада.

 Муслима:Алтын сары, қызық, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Әдемі-ай:Күн шуаққа маужырап,

Жатыр енді атырап,

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

 Медина:Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

Бақтың іші алаша,

Аунарма едім жатып-ақ.
Орманның күзгі әуені естіледі.

Әуеннің ырғағымен ортаға кірпі шығады /көңілсіз/.

Жүргізуші: Балалар, қараңыздар, біздерге қонаққа кім келді?!

Балалар: Кірпі.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, кірпі! Бүгінгі мерекеге қош қелдің.

  • Неге сондай көңілсізсің?
  • Мерекеде көңіл-күй көтеріңкі болмай ма!?
  • Әлде біреу сені ренжітті ме?

Кірпі: Сәлеметсіздер ме, балалар, Алтын күз, қонақтар!

 Иә, орманда келе жатканда үстімдегі жеміс-жидектерді қарға тартып алды. Мен ол жеміс-жидектерді қысқа жинап, балаларыма алып келе жатыр едім.

Жүргізуші: Балалар, көмектесеміз бе кірпіге?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Жүргізуші: Кірпі, ендеше, көңіліңді түсірме. Саған балалар өз өнерлерін көрсетеді, тамашалап, көңіліңді көтер.

Тәрбиеленушілеріміздің орындауында «Жапырақтар»  биі. Қошеметтеп қояйық.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемістерін жеп жүрміз бе, дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.

Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.

/Тәрбиеленушілеріміздің күзге арнаған тақпақтарын тыңдайық/:

Мадина: Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ, біліп қой,

Қызылшамын, пайдам бар.

Әділбек: Талшыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Жансая: Көктеп ерте шығамын,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым қияр, теріп ал,

Жиі-жиі сағарып.

Мұханбет: Көрсең егер бақшадан,

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп сен алма.

Нұрасыл: Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.

Арман: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпын,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Кәусар: Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Дариға: Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.

 

Ерсұлтан: Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

 

Көңілді әуенмен ортаға ақ тиын шығады.

 

Ақ тиын: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіз бе Алтын күз! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мына жерде мереке өтіп жатқан сияқты ғой. Сондай керемет әуен естілді.

Жүргізуші: Сәлеметсін бе Ақ тиын! Иә, біздер Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Біздермен бірге ән шырқап, би билеп, тамашала.

 

 «Ақсұңқар» тобы тәрбиеленушілерінің орындауында «Кап-кап» әнін тамашалайық.

 

Кап-кап

 

  1. Кап-кап, тук-тук-тук,

    По стеклу раздался звук.

   Это дождик по утру,

Разбудил всю детвору.

  1. Кап-кап, дон-дон-дон,

Капли начали трезвон.

Если выйдете гулять

Не забудьте зонтик взять.

  1. Кап-кап, тук-тук-тук,

По стеклу раздался звук.

   Это дождик по утру,

  Разбудил всю детвору.

 

Ақ тиын: Алтын күз, мен балалармен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Өзіммен бірге бір ойын алып келіп едім.

Жүргізуші: Ойнаймыз ба, балалар?

Балалар: Иә.

Ақ тиын: Ендеше ойынның аты «Кім шапшаң». Ортаға екі себет қойылады. Бір себетке күзгі жапырақтарды жинаймыз , екінші себетке жеміс-жидектерді жинаймыз.

Әуен ойналады.

Ақ тиын: Керемет, балалар. Ойын өте жақсы ойналды. Рахмет сендерге. Ойын ұнады ма?

Балалар: Иә.

Ақ тиын: Ендеше, балалар, барлығымыз жаңа бір себетке жиналған жеміс-жидектерді Кірпіге берейік.

Кірпі: Рахмет барлығыңызға. Сондай керемет мерекеге өтіп жатыр. Бірақ та мен кетуім керек, балаларым күтіп жатыр мені.

Балалар: Сау болыңыз, Кірпі!

Кірпі: Сау болыңдар, балалар!

/кірпі шығып кетеді/

Жүргізуші: Ақ тиын, енді балаларымыздың саған арнап дайындаған биі бар еді, тамашалаңыз!

Ортада «Ақсұңқар» тобы тәрбиеленушілерінің орындауында «Күзгі жаңбыр» биі. Қошеметтеп қояйық.

Ақ тиын: Алтын күз, мен де жол жүрейін. Менің де балаларым күтіп қалған болар. Мереке өте көңілді өтуде. Рахмет сіздерге балалар!

Ортамызда «Ақсұңқар» тобы тәрбиеленушілері «Алтын күз» әнімен.

Қошеметтеп қояйық.

Алтын күз.

1.Келді міне қоңыр күздің самалы,

Бұлттар төніп, күн суытты шамалы

Қ-сы:

Келді міне алтын күз

Келді міне жарқын

Байлығымен мерекелі, берекелі

2.Алтын күзім мерекелі болады

Қамба біткен ақ бидайға толады.

Жүргізуші:

Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

Жаздай күткен бәріміз, сары алтын,сары күз,
Көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп.

«Ақсұңқар» тобы тәрбиеленушілерінің орындауында флешмоб.

Жүргізуші:

Осымен, бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» күзгі мерекелік шарамыз аяқталды.

Мерекеге белсенділік танытып, қатысқандарыңызға рахмет!!!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.