Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.
- Армысыздар, ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біздің №4 топ — «Ертөстік» ортаңғы тобының жыл мезгіліндегі ең тамаша — «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші,
Сендерді бір көрмекші,
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»
-Бұл не балақайлар? (Күз)
Күз ханшайымы: Сәлем, менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Хор: «Алтын күз» әні
Аниса М: Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Жемісті мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Айбарали: Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,
Күзге біз де ризамыз, аянбаған ел үшін.
Көбейді құт, береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.
Гауһар: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанға жай шатырлап
Тамшы жерде секірді.
Нұржауған: Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі, толқиды,
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала – бай дала, астық толы айнала.
Гүлзада: Қамба толды астыққа
Алғыс саған, алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап астық алдық біз.
Берекені сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерді жинауға
Шақырады біздерді.
Аниса Н: Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
Назерке: Листик клёна на ладошку
Потихоньку упадет
Это осень золотая
По дорожке к нам идет.
Димаш: Полюбуйтесь маскарад
Лес меняет свой наряд
Снял зеленый, лирит новый
Желтый, красный и лиловый.
Жүргізуші: Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ән: «Жау – Жау Жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар! Орындайтын — Мурадова Аниса.
Күз ханшайымы: — Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.
Қыркүйек: Айбарали:
Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.
Қазан: Алдияр:
Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен – қазан айы.
Қараша: Әділет: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
Қараша өрледі, қараша ән салып
Күн суытып барады, малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ – сары алтын
Айналанын бәрі алтын.
Кезегімізді әнге берейік. Балаларымыздың орындауында «Күн мен Жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған. Кезегімізді өлең шумақтарына берейік:
Аниса М: Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Бақдаулет:
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.
Күздің қазан айында, алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр-сыбдыр етеді,
Күн суытып, жапырақтар түседі.
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз деген.
Нұрәділ: Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге, қызық көп күзде.
Елтай: Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды, қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім – сыйыңды.
Айзере: Жаздай күткен бәріміз, Сары алтын, сары күз,
Алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз,
Көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп
Асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп.
Жүргізуші: Табиғат-Ана ғой. Тағдыр ғой күз деген.
Тыныштық бұзылма, үмітті үзбеген.
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,
Мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкөністер сан түрлі.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.
Қайыржан: Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Диана: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Дархан: Картоп – біздің атымыз
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Ринат: Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Аружан: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Айша: Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай.
Інжу: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Меруерт: Мен – моншақты шиемін
Құмарсындар, білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Гүлфайруз: Дөп-дөнгелек сап-сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым – өрік.
Жаңай: Көктеп, ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі суарып.
Күз ханшайымы: Бәрекелді, балалар, керемет! Жарайсыздар!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем…
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. (Ойын: «Көкөністерді ажырат»)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті, жылдам.
Жүргізуші: Келесі кезекте балалардың тақпақтарына береміз.
Ринат: Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
Назерке: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
Айару: «Наступила осень»
Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на березе
Золотом горят.
Не слыхать веселых
Песен соловья.
Улетели птицы
В дальние края.
Жүргізуші: «Күз Жомарт» әнін бүлдіршіндердің орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз біз ендеше
Би өнеріне кезегін.
Би: «Жапырақтар» биі
Жүргізуші: Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.
Күз ханшайымы: Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып».
Елубаева Асемгул Дуйсенгалиевна
№16 «Ертегі» балабақшасы,
ортаңғы топ тәрбиешісі,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы