Home » Ашық сабақтар » Алтын күз-әсем айналам,Еліне береке силаған

Алтын күз-әсем айналам,Еліне береке силаған

Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз  бізге нұр төгіп.
Жүргізуші:-Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар! Бүгін жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Балабақша директоры Ермахан Гүлбану ханымға сөз кезегін береміз
Жүргізуші:-Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? /Күз/

Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Ән: « Алтын күз» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.
Жүргізуші:
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Кезегімізді өлең шумақтарна берейік

  1. Тілегім аман болсын ел іргесі, /Нүрлыбек/

Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді
2. Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз./Назым/
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

  1. Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей, /Айбек/
    Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
    Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
    Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
  2. Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды, /Сабина/
    Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
    Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
    Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

5.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді /Аян/
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

  1. Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі /Эльдар/
    Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,
    Күн суытып, жапырақтар түседі.
    Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен.
  2. Сарғайды тоғай, сап-сары манай /Маржан/
    Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
    Жапырақ ұшты, суық та түсті
    Сонда да бізге,қызық көп күзде.
  3. Күн суытып келеді, жапырақтар түседі. /Нұрсая/
    Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.
    Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.
  4. Жаздай күткен бәріміз,
    Сары алтын,сары күз, /Заңғар/
    алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз,
    10. Өнім үйіп тастадық /Нұрсұлтан/
    Оқуды да бастадық
    Берекелі алтын күз,
    Ашық болсын аспаның.
  5. Жетті желмен алтын күз, /Мерей/
    Жеміс жинау салтымыз
    Жиып-теріп болған соң
    Той жасайды халқымыз,.
  6. Көк майсалы көрікті, алқаптағы көпегін /Аяна/
    Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін,
  7. Күн шуаққа маужырап, жатыр еді атырап, /Алинұр/
    Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ
    Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.
    Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап.
  8. Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз, /Еркеназ/
    Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
    Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
    Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.

Жүргізуші: Табиғат-Ана ғой.Тағдыр ғой күз деген.
Тыныштық бұзылмай, үмітті үзбеген.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.

  1. Асханадан шықпаймын, /Қарақат/
    Атым пияз, бұқпаймын.
    Көзден жасты шығарам.
    Тұмаудан бірақ сақтаймын.
  2. Тал шыбығым бұралып, /Ерсайын/
    Бақшаларда қызарып
    Тұрган ол мен қызанақ
    Күнге қарап ұялып.
  3. Картоп біздің атымыз /Сырым/
    Жер астында жатырмыз
    Бір тамырдан тараған,
    Ағайынбыз бәріміз.
  4. Өсіретін бойыңды /Әсел/
    Дамытатын ойыңды.
    Қоянға да азықпыз,
    Сәбіздерміз жазықсыз.
  5. Пісіп тұрған алмамын, /Әсем/
    Тамсандырар бал дәмім
    Жерге сілкіп түсірме
    Ісіп кетер маңдайым.
  6. Жапырақты тасалап /Нұрдаулет/
    Өсетін жері бақша-бақ
    Күрең қызыл шіркін-ай
    Менің атым құлпынай.
  7. Тіл үйірген алмұртпын /Таңнұры/
    Таңсығымын бар жұрттың
    Жақсы өсіре алмайды,
    Қараса егер салғырт кім.
  8. Дөп дөнгелек сап сары /Қайсар/
    Ішінде бар дәні
    Қызығасын көріп
    менің атым өрік.
  9. Көктеп ерте шырмалып, /нұрасыл/
    Әсем мен бүр жарып
    Атым қияр теріп ал,
    Жиі-жиі су арып.

Жүргізуші:
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.

Кезегімізді әнге берейік. Атымтай Еркеназ бен Амангелді Аянаның орындауында
«Ерке қыз»  әнің қабыл алыңыздар!

 

Жүргізуші:
Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне кезегін.
Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

  1. Би «Мысықтар»

Жүргізуші:
Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Балабақша» әнің қабыл алыңыздар!

  1. Би «Қырманда»
  2. Би «Аралар»
  3. Би «Саңырауқұлақтар
  4. Ән «Балдырғандар» Қазыбек Мерей
  5. Би «Күзгі вальс»
  6. Би «Тамшылар

Жүргізуші: -Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші.
Ендеше «Алтын күз-2019» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:
Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.

 

 

 

Тұрмаханбетова Эльза Саруаровна,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Мыңбұлақ ауылы,
МКҚК «Бақыт» бөбекжай балабақшасы
музыка жетекшісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.