Home » Ашық сабақтар » Алтын күз. Салихова Айгүл

Алтын күз. Салихова Айгүл

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер, ел байлығын артырған мерекелі де берекелі алтын күз құтты болсын! Сары алтындай, сары түс себетке толы жемісін, қамбаға егінің сыйлайды, ендеше осындай «Армысың, ару алтын күз!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға «Айгөлек» тобының балаларын қарсы алайық қошеметпен

Жел, жапырақтар, бұлттар кіру

Ән: Күз береке

Оянамыз біз ерте

Қалмау үшін күз келсе

Айналады алтынша

Ля ля ля

Күздің сыйы бірә де,

Табиғаттың дәулетті

Туған жердің бәрі де

Күз айымен сәулетті.

— Тамаша, балалар, ендеше орнымызға барып отырайық.

Тақпақтар — Әлімхан, Алма, Жанбота, Әлмади

1.Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерде секірді.

Барын беріп халыққа

Жұмыстан соң қалшырап.

Дала ұқсайды алыпқа

Дамыл алған маужырап.

2.Алатаудың етегі

Алма деген жетеді

Алма дейді неге оны?

Алғым келіп кетеді.

3.Жас өскенін қиярдың

Жаз бойы мен суардым.

Түйнектерін көргенде

Бес алғандай қуандым.

Балалар, күз мезгіліңде қандай айлар бар?

Қыркүйек, қазан, қараша

Жарайсыңдар, біздің балалар өте ақылды, күз айларын біледі, Сонымен қатар қандай күзде құбылыстар болады?

Жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, жел соғады.

Балалар, бізге бүгін қонаққа анау алыстан күз патшайымы келіпті, соны ортаға шақырайық. Қане, ендеше орнымыздан тұрып қарсы алайық.

 

Алтын күздің сөзі: Салеметсіздер ме, достарым, Салеметсіздер ме, қонақтар. Мен Алтын күзбін, жайдарлы жарқын жүзбін, қонаққа келдім сендерге, астық жеміс мол менде, балалар, мен анау алыстан Ақ бидай балабақшасын да «Айгөлек» тобында алтын күз тойлауда балалар өңер керсетпекші болған соң келдім. Балалар, өнер көрсетесіңдер ме? Ендеше мен тамашалауға әзірмін.

 

Жүргізуші:          Күз патшайымы, рахмет сізге, анау алыстан келіпсіз, біздің балалар өнерлі, тақпақ та айтады, би билейді, ән салады. Ендеше, балалар, күз патшайымы өңерлерімізді көрсетейік.

Тақпақтар: Асима, Сұлтан, Жанәлі, Әлінұр

Бақшамызда көкөніс

Тағы берді көп өніс

Жинау керек тез енді

Болмау керек бөгіліс                       Асима

 

Қауыннан да басқарақ

Қарбызданда басқара

Семіріпті бақшада

Қойдай болып асқабақ                   Сұлтан

Қарбыз деген қой сойдық,

Ой,бәріміз бір тойдық!

Сусап тұр ек көбіміз,

Қанып қалды шөліміз.                     Жанәлі

Тығылам деп тереңге,

Бұғып жатқан төменде,

Ұзын мұрын тәрізді

Тауып алдым сәбізді                     Әлінұр

Ән: Алтын күз

Алақай, балақай

Күз келді

Бізге енді қараңдар.

Бақшада бәрі бар, балшырын алмалар

Алмалар қауындар

Қ-сы:

Алтын күз,

Күтеміз сені біз.

Төріміз сіздікі,

Келіңіз, келіңіз.

Көп күттік, сарғайып келдің бе,

Сағынып бізге әрең жеттің бе.

Сағынып әндетіп алапты

Аспаннан алтын нұр төкті елді.

Тақпақтар: Аңсар, Аделя, Салима, Айзере

Дәні қандай қатты еді,

Дәмі қандай тәтті еді.

Үйіріп, ап тілімді

Таңдайымнан кетпейді.            Аңсар

Жинап едім жүзімді,

Сабағынан үзілді

Қатар-қатар қойған ем,

Маржандай боп тізілді.                   Аделя

Албыраған шиені

Қыздар сондай сүйеді.

Жасаймыз деп моншақты

Орамалға түйеді.                           Салима

Баз ішінде көрікті

Көрдім өскен өрікті

Жемістерін аялай

Балаларға беріпті.                         Айзере

Алтын күз: Балалар, ендеше бір ойын ойнасақ қалай ойлайсыңдар? Мен орманнан жалғыз келмедім, артымнан қалмай түлкі де ілесіп келді.

Ойын: Кім жылдам?

Бақша биі: Ер балалар: Әлімхан, Нұрәлі, Ердәулет, Димаш, Шахназар, Әлінұр, Камиль, Расул, Ахан.

Тақпақтар: Айлин, Медина, Асанәлі, Расул.

Наступила осень, пожелтел наш сад,

Листья на березе, золотом горят,

Не слыхать веселых, песен соловья,

Улетели птицы в дальние края                 Айлин

Падают падают листья

В нашем саду листопад,

Желтые,красные листья,

По ветру вьются летят,

Птицы на юг улетают,

Гуси,грачи,журавли

Вот уж последняя стая

Крыльями машет вдали                                   Медина

Келді міне күз, айнала сары түс,

Керемет тамаша, қандай әсем күз

Жеміс-жидек пісті қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып, жинап алды жан салып.            Асанәлі

Күздін сыйын алайық,

Қызығына қанайық.

Күзге арнап бәріміз

Сый құрметті жасайық.                   Расул

Қолшатыр биі: Қыздар: Аяла, Асима, Жанбота, Медина, Айлин, Айзере, Салима, Аделя.

Сән сайысы: Гүлім, гүлім, өсе бер, әдемі бол, асыл боп жайнап, қызыл, сары, жасыл боп. Ендеше балалар, сән қыздарымызды ортаға шақырайық, олар сендерді өңерлерімен таң қалдырады. Қошемет.

Тақпақтар:Ахан, Ердәулет, Шақназар, Димаш, Тұрлыхан.

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап                      Ахан

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Мол өнімді жинаймыз

Барлық елге сыйлаймыз         Ердәулет

Сарғайды тоғай, сап-сары маңай

Соңғы ән айттып, құс кетті қайтып             Шақназар

Жапырақ ұшты, тоғыз суық түсті,

Соңда бізге, қызық көп күнде                       Димаш

Қас батырдай түйлген,

Тоғыз сауыт киілген

Аршимын деп мен оны,

Жылап шықтым үйімнен.               Тұрлыхан

Ұлдар Тамшылар Биі Асанәлі, Султан, Жанәлі, Әділхан, Аңсар, Әлмади, Ерасыл, Тұрлыхан.

Ән: Күзгі әуен

Күзгі, күзгі әуен

Күзгі әуен не деген

Оның әнін тыңдаңыздар

Қосылып бірге жырлаңыздар.

У-у-у-о-о-о-а-а-а

Күзгі әуен тамаша

Күзгі күзгі әуен

Күзгі әуен не деген

Жапырақтармен билеңдер

Тамашалап көріңіздер.

У-у-у-о-о-о-а-а-а

Күз патшайымымен қоштасу:

Меңгерушіге сөз беру:

Құрметті қонақтар, осымен біздің мерекеміз аяқталды, тағы да алтын күз мерекесі құтты болсын!

Салихова Айгүл,

№34 «Ақ бидай» балабақшасының тәрбиешісі,

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.