Жуырда Алматы қаласы, Жетісу ауданы жалпы білім беретін № 102 мектепте Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай әр сыныпта «Алтын жүректі ана» тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында Сара Назарбаеваның өмірімен қызметіне, еңбектерімен ізгі істеріне тоқталды. «Ол кім, не істеді» — деген сұрақтарға бірден жауап беріп отырған оқушылардың озық жауаптары мектеп білімінің жоғары көрсеткіші деп түсіндік.
Сонымен қатар, Исаева Мадина Бертайқызы, Аккамиева Самал Мейрамқызы, Альжанова Пальмира Диханбаевна, Асимова Гулистан Ашимовна, Алимова Айгул Тлеубергенова есімді ұстаздардың ашық сабақтары өтті. Бір күнде бірнеше сынып сағатын өткізіп отырған мектептің Сара Назарбаеваға көрсетіп отырған құрметін Білім айнасы боп көріп қайттық.
Бұл туралы мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбаевна өз сөзінде: «Мектебімізде ақпан айының 02.02-12.02.2018 жыл аралығында өтетін «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі жоғары деңгейде жүріп жатыр. Осыған орай, барлық сыныптарда ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар, Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы негізінде көптеген сынып сағаттары ата-аналардың өз тараптарынан өткізуімен жалғасын тапты.
Онкүндіктің негізгі мақсаты: Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен балалар арасындағы сыйластық,махаббат пен мейірімділік, қайырымдылық пен ізгілікті қалыптастыру.
Жас жеткіншектерге өзара сыйластық пен шапағат шуағын бойларына сіңіруге ықпал ету», — деді. Еске сала кетейін, көпшілікті қызықтырған тәрбие сағаты СТВ арнасынан көрсетілген болатын.
Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы