Home » Біле жүріңіз » Алтынай Тулегенова.Сіздің балаңызға арналған ақылды ойын

Алтынай Тулегенова.Сіздің балаңызға арналған ақылды ойын

Балаңызды қазіргі заман үшін емес, болашақ өмір үшін тәрбиелеңіз.
Өйткені олар – біздің келешегіміз.

               Еліміз өркендеп, жағдай күннен-күнге жақсаруда. Ендігі болашақта жасайтын қадамымыз өнімдерді өзіміз өндіре алатын дәрежеге жету, жаңалық көзі болатын дамыған 30 елдің қатарына кіру.
Өткен тарихымыздағы қоғамның даму сатысын зерттеп қарасақ, қоғамды дамытып, ғасырға жол ашқан – көпшілік емес, аз болса да көшбасшы, тапқыр, жаңаша ойлайтын қасиеттері бар тұлғалар болған. Демек, бұл «ИНТЕЛЛЕКТУМ» пәнін енгізу мақсатымыз өсіп келе жатқан ұрпақтың негізін дұрыс қалау. Қандай жағдаяттар болса да жол таба білеті, жаңаша ойлай алатын, өз бетімен өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыру.
Жаттау, бір жауап, білімді жинақтап беру сияқты тапқырлықты қажет етпейтін оқу үрдісінде кездесетін кейбір әдістер баланың ойлау қабілетін тежейді. Сондықтан оқыту болмысына жаңаша жан-жақты қарайтын, өз пікірн ұсына білетін тұлғаны қалыптастыру үшін жаңа стратегиялырды енгізу керекпіз.
Интеллектум пәні Түркия мемлекетінде 5 жылдан бері қолданылып келе жатыр. Біздің «Silk Way» мектеп-лицейінде 1-5 сыныптарда пән ретінде енгізілді.
Ойындарды ойнатуда қолданылатын негізгі қабілеттеріміз: мұқияттылық, байқағыштық, қабылдау, аналитикалық ойлау және жасампаздық пен шығармашылық. Сонымен қатар оқушыларда жоспарлау, өлшеу, ойын ұйымдастыру және мәселені шешу секілді қабілеттері жетіледі. Жасалатын әр жаттығу балаларға байқауды, қабылдауды, тану мен уақыт белгілеуді, кезектестіру мен түрлі шешім қабылдау, байланыс құру мен анализ жасау сияқты қарапайым өмір сүру қабілеттерін жетілдіреді. Балаларға қиялдай алу мен жаңаша қиял құра алуға бағыттайды.
«Интеллектум» баланың қабілетін дамытудың жолдары қарастырылған:
Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Жаңаша ойлау – ойлау қабілеті ерекше, жаңа бағыт, жол табатындар және әр түрлі жағдайда ерекше шешім қабылдай алатын тапқыр адамдар ғылыми жаңалық ашады, жаңа тауар жасайды, не болмаса жаңа ұсыныстар айтады. Осын қасиетті бала кезден дамыту керек.
Көрнекі ойлау – мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі. Адам ақпараттың 90% көз жүйесі көру арқылы алады. Осы көз арқылы қабылданған мәліметтердің әсері басқаларға қарағанда күшті болады. Соған байланысты, мәліметтікөзбен көргендей елестету, оны тезірек шешудің жолы болып табылады.
Стартегиялық ойындар — бұл ойындар ойнай келе тұлғаның бойында проблемаларды шеше білу, жағдайларды бағалап, ұтымды шешім таба білуді үйренеді.
Қорыта айтасақ:
— Бала өзін таниды, өзіне деген сенімі артады, қоғамға пайдалы адам бола алатынына сенеді;
— Мәселеге жағдайға жан-жақты қарап, бағалап, ұтымды шешімді ойластыруды үйренеді;
— Дағдыны және шеберлікті белсенді меңгереді;
— Танымдық қызғушылығы артады, ой-өрісі дамиды, бәсекеге қабілетті, жеке тұлға болып қалыптасады.
Бұл ойындардың ең үлкен пайдасы – адам бойында сабырлық, шыдамдылық қасиеттері жақсы қалыптасады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.