Home » Ашық сабақтар » «Алма» ертегісі  

«Алма» ертегісі  

 Мақсаты: Балаларға «Алма» ертегісін таныстыру. Әңгімелеп беру арқылы ертегі тыңдауға қызығушылығын ояту, мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың барысы:

  • Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше, өйткені бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық.

Тәрбиеші балаларды жартылай шеңберге тұрғызып, шаттық шеңберді орындауды ұсынады.

Шаттық шеңбері:

Үлкен шеңбер құрайық, 

Алақанды ұрайық. 

Күлімдесін күн де, 

Күлімдейік біз де. 

Алақанды ашайық, 

Күннің нұрын салайық, 

Таза ауаны салайық, 

Жүрек жылуын салайық, 

Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.  

Сұрақ-жауап:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалардың жауабы.

— Күз мезгілінде неше ай бар?

— Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

— Ауа райы салқындайды, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жаңбыр жиі жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Күз мезгілінде балалар, көкөністер мен жемістер піседі. Олай болса мен сіздерге жемістер жайлы жұмбақ жасырып көрейін.

Жұмбақ:

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

Балалардың жауабы: Алма

-Жарайсыңдар, балалар, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше мен бүгін «Алма» ертегісін әңгімелеп берейін. Зейін қойып мұқият тыңдаңдар.

Тәрбиеші балаларға «Алма» ертегісін саусақ қимылы арқылы әңгімелеп береді.

Балалар ертегіні тыңдайды.

Жарайсыңдар, балалар! Ал енді үстел басына барып, алманы түсіне қарай ажыратайық.

Д\о: «Түсі және көлеміне қарай ажырат» 

Ойынның шарты: Үстел үстінде түсі және көлемі әртүрлі алмалар үлестіріледі. Сол алмаларды үлгіге сүйене отырып фетр матаға жапсырады.

Тәрбиеші балаларды бой сергітуге шақырады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Жарайсыңдар, балалар. Тәрбиеші жеке жұмыс жүргізеді.

Қорытынды: Тәрбиеші оқу қызметін флонеграф тақта көмегімен сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылайды. 

Балалар сұрақтарға жауап береді, ертегі кейіпкерлерін орын-орындарына қояды.

Тәрбиеші:  — Балалар, ертегі ұнады ма? Ертегі не жайында екен? Бірінші алманы кім көрді? Олар алманы қалай бөлді?

— Жарайсыңдар, балалар! Бүгін оқу қызметіне барлығың жақсы қатыстыңдар, — деп балаларды мақтап, мадақтап оқу қызметін аяқтайды. Олай болса, қанекей, қонақтармен қоштасайық.

Аразова Асем Бакбергеновна,

№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.