Home » Ашық сабақтар » Алматы ару қалам

Алматы ару қалам

Иманкулова Жазира Әбдешовна
Алматы қаласы
97-бөбекжай балабақшасының
2-санатты тәрбиешісі

 

Мақсаты: Балаларға туған өлке туралы мәлімет беру. Отбасына,туған жерге деген сүйіспеншілігі мен сезімін дамыту. Туған жердің табиғатын сүюге қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: ән таспа,слайд.

Психологиялық сәт: ауладағы гүлдерді иіскеу. Таза ауада демалу.

Тәрбиеші: балалар біз қай қалада тұрамыз?

Балалар: біз Алматы қаласында тұрамыз.

Тәрбиеші: Иә,біз Алматы қаласы әсем, көркем, әдемі ару қаладамыз. Ендеше, тақпақтап жеткізейік.

Әли: Кең байтақ даламды,

Теңдессіз қаласыз.

Құлпырып қаламыз,

Жасарып барамыз.

Нұрали: Мұзыңнан басталған,

Өзенім Алматым.

Танытқан әлемге,

Медеуім дәулетім.

Айым: Алатаудың төсі қандай,

Күн қала бұл,Ай қала.

Айсұлтан: Ана тілім арымсың,

Қуатымсың нәрімсің.

Тәрбиеші: Өте тамаша, жарайсыңдар. Осыған орай мақал-мәтел айтамыз.

Аделина: Өз елін сүймеген адам,

Ештеңені де сүйе алмайды.

Дария: Анамыздай тілеуі-ақ,

Отан бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан.

Тәрбиеші: Алматының көшелері қандай?

Балалар: Алматының көшелері түзу, кең,таза.

Тәрбиеші: Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Балалар: Иә,иә.

Тәрбиеші: Жолда жүру ережесін түсіндіру. Жол бойында нелер орналасқан?

Балалар:Жол бойында бағдаршам орналасқан.

Тәрбиеші: Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Балалар: автобус, троллейбус, трамвай, жеңіл көліктер, камаз.

Тәрбиеші: Алматының көшелері қазақтың ұлы ғұламалар атымен аталған. Мысалы, Абай даңғылы, Райымбек көшесі.

Мирас: Ұлы Абай даңғылымен мақтанам,

Толып жатқан сарайымен шаттанам.

Тәрбиеші: Ал,ендеше балалар слайд көруге назар аударамыз. Слайд арқылы саяхат жасаймыз.

Тәрбиеші: Балалар,ендеше бізге өз өнерін көрсетуге цирктен сайқымазақ келіпті.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерге өз өнерімді көрсетуге келдім. Ендеше, маған көмектесіңдер ме?

Балалар: Иә.(сайқымазақ өз өнерін көрсетеді)

Тәрбиеші,балалар: Рахмет.

Тәрбиеші: Ал мынау қай жер?

Балалар: Бұл Медеу.

Тәрбиеші: Иә, бұл жерде спорттық ойындар бар. Денемізді шынықтырамыз.

Тәрбиеші: Балалар, ендеше біздің Алматымызды ең көп өсетін жеміс қандай?

Балалар: Ең көп өсетін жеміс алма.

Тәрбиеші: Ол қайда өседі?

Балалар: Алма баубақшада, ағашта өседі.

Тәрбиеші: Ендеше, бақшамызға барамыз.

Ән: Алма отбасы.

Арман: Алма, алма көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма.

Теріп-теріп алайық,

Себетімізге салайық.

Мерали: Алматының бағы қандай,

Алмасының дәмі қандай.

Өлең санамақ.

Тәрбиеші: Ендеше,себетке алмамызды жинайық.

Ән: Алматым (Керімай)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.