Алматыда қалалық «Нұр Отан» жанындағы жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес шағын және орта бизнеске заңсыз тексерулер жүргізу мәселесін қарады. Бұрындары партияның қоғамдық қабылдауларына қаланың санитарлық және өртке қарсы қызметтерінен заңсыз тексерулер жүргізілетіндігі туралы шағымдар жиі түсетін.
Бүгінгі таңда мегаполисте шағын және орта бизнестің 260 мыңнан астам субъектісі тіркелген, бұларда жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Сондықтан қала партияшылары бизнесті жүргізу бойынша Алматы өзгелерге үлгі болуы тиіс деп есептейді.
«Қазіргі уақытқа дейін тексеру түріндегі бизнес жүктемесін азайтуға мораторийдің тигізген ықпалы зор болды. Ол алынып тасталған соң бизнесті жөнсіз тексерудің көптігі жөнінде сын қарша борады. Ал бұл бизнестің дамуына қолбайлау болуда», — деп атап өтті жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес төрағасы Борис Джапаров.
Кеңестің жұмысын қорытындылаған партияшылар мемлекеттік органдардың барлық бақылаушы шараларын видеофиксациялауды, қолдарын қойғызып таныстыруды, тексеруші субьектілердің барлық құқықтары мен міндеттерін оқып беруді, КПСиСУ ГП РК және басқаларының тексеру талаптарын қайта қарауды ұсынды.
«Нұр Отан» партияшылары аталған шаралардың осы саланы ретке келтіретініне сенімді. Өз кезегінде санитарлық- эпидемиологиялық және өртке қарсы қызмет өкілдері келісімге қол қоюды, өртке қарсы және вентиляциялық жүйелерді орнатуды, қызмет көрсету келісімін жасауды ұсынды..
Алматылық «Нұр Отанның» баспасөз қызметі кеңестің қорытындысы бойынша ШОБ-ті тексеру барысында жемқорлыққа қасы әрекеттерді бұзғандарды әшкерлейтін және келеңсіздіктердің алдын алатын нақтылы ұсыныстарды жасайтын арнайы комиссияның құрылғанын, оны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментініңс басшысы Айгүл Байханова жасайтынын хабарлады.
«Партия ШОБ тексеру мәселесін өз бақылауына алады. Келеңсіз жайтқа тап болған әрбір кәсіпкер партияға 8 (727) 279 78 00 телефондары немесе almaty@nurotan.kz электронды поштасы арқылы хабарласа алады,» — деді «Нұр Отанда».