Home » Жаңалықтар » Алматыда «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау басты міндетіміз» атты семинар-тренинг өтті

Алматыда «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау басты міндетіміз» атты семинар-тренинг өтті

2016 жылдың 18-19 маусымында Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты мен БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар Қорының келісім шарты аясында Алматы қаласының пилоттық мектептерімен «Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету» каскадты семинар-тренингін өткізді.

Семинар-тренинг мақсаты «Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету» жобасы бойынша пилоттық мектеп мұғалімдерінен қауіпсіздік тобы мүшелерін дайындау болып белгіленді.

Семинар жұмысына Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан пилоттық мектеп мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының қызметкерлері, Білім басқармаларының өкілдері, жобалық мектептер директорларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер қатысты.

Семинар-тренинг жұмысын «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы ҚР БББЖҚБАРИ директора, п.ғ.д., профессор Ж.А.Мақатова кіріспе сөз сөйлеп ашты. Алматы қалалық БАИ директоры п.ғ.д. Р.А. Садуакасова семианр-тренинг тақырыбының өзектілігіне тоқталды.

«Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану бойынша сынамалы бағдарламасы» ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысында екі жыл бойы жүзеге асқан. Бағдарлама мақсаты — мұғалімдерді, оқушыларды және олардың ата-аналарын қатыгездіктің, күш көрсетудің, ақша бопсалаудың, жыныстық зорлық көрсетудің, буллингтің, кибер-буллингтің, және кемсітушіліктің бастапқы белгілерін анықтауға көмектесетін білім мен құралдар беру арқылы, сонымен қатар, олардың зорлық-зомбылықтың алдын алудағы және шара қолданудағы рөлін жақсырақ түсіну арқылы балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану табылады.

«ЮНИСЕФ» жобаларының үйлестірушісі, ББЖ ҚБАРИ доценті Л.А. Дорожкина мектептердегі зорлық-зомбылық анықтамасы, мектептің қауіпсіздік тобын (МҚТ) құру, мектеп миссиясын және этика ережелерін тұжырымдау сияқты өзекті мәселелерді ашып көрсетті.

Мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасының табысты жүргізілуі үшін білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығы шынайы қызығушылық танытып, түпкі мақсатын түсінуі керек. Педагогикалық ұжым

мүшелері арасынан балалар мен ата-аналардың сеніміне ие бола алатын, мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету топтарын құру, балаларға, мұғалімдерге, және ата-аналарға бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы кеңінен ақпараттар беру мәселелері қызу талқыланды. Әсіресе мектепте білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, әр адамның жауапкершілігін, белсенділігін арттыра отырып, қауіпсіз орта құрудың жолдарын белгілеуге үлкен мән берілді.

ББЖ ҚБАРИ «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. А.Ә.Маханбетова аталған бағдарламаға қолдау көрсету үшін мектеп қызметкерлерінің бағдарламаны ұстануын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, ата-аналарды бағдарлама жөнінде ақпараттандыру және оған тарту, осы жобаны енгізуде мониторинг пен бағалау жүргізудің қажеттілігіне қатысушылылардың назарын аударды.

«Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы Алматы қалалық БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., жобаның Алматы қаласы бойынша тренері И.И.Халитова зорлық-зомбылықтың алдын алуда алғашқы, екінші және үшінші араласу жүйесін құру, бағдарламаны іске асыру мен оның тиімділігін бағалау үшін деректер жинау бойынша тәжірибесімен бөлісті.

ББЖ ҚБАРИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. Ә.Д. Таңатова мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет етуді психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша тренинг жүргізді.

Семинар-тренинг қорытындысында қатысушылармен «Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету» бағдарламасын пилоттық мектептерде енгізу бойынша жоспар құрылып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Ағима Әбілқызы Маханбетова,
«Өрлеу» ҰБАО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ
Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру
кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты.

dsc_0505 dsc_0526 dsc_1009

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.